» » Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат

Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат

«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты «Сырдария» бастауыш ұйымы мүшелері арасында Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» тақырыбында сайыс өтті. «Ұлттық мұра» партиялық жобасының басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы ұлттық құндылықтарымызды дамыту . Ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету. Сайысқа қатысушыларға Қармақшы ауданының құрметті азаматы Шегебай Құндақбаев, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, партия ардагері Күлжауһар Раева, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің редакторы Сәрсенкүл Райымбаева, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дастан Буханов төрелік етті. Алғы сөз партияның аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлына берілді. Өз кезегінде Әділ Үсенұлы партияның жобасына кеңінен тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыста 7 қатысушы 4 кезең бойынша жарысты. Тартысты өткен сайыста белсенді қатысқаны үшін аудандық кітапханадан келген қатысушы Ұ.Өтешова, архив мекемесінің келген қатысушы К.Қайратбекова, аудандық оқушылар үйінен келген қатысушы А.Жеңісқызына берілсе, ІІІ-орынды Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжден келген қатысушы Л.Қалымбетова, ІІ-орынды «Ертөстік» балабақшасынан келген қатысушы Н.Жалғасбаева, І-орынды «Аққайың» балабақшасынан келген қатысушы Ж.Байсынова, бас жүлдені аудандық емханадан келген қатысушы Г.Айғали иемденді. Барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін партияның аудандық филиалының арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
20 наурыз 2024 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031