» » Қармақшыда спорттың бірнеше түрлерінен сайыс өтті

Қармақшыда спорттың бірнеше түрлерінен сайыс өтті

"AMANAT" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдары арасында спорттың бірнеше түрлерінен сайыс өтті. Сайыста футболдан 14 команда, теннистен 9 команда және партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ардагерлер арасында шахматтан бақ сынасты. Жарыстың ашылуы орталық стадионда өтті. Жарысты партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы, футбол федерациясының аудандағы президенті Әділ Үсенұлы Қошалақов ашып берді.

«AMANAT» партиясы салауатты өмір салтын насихаттау, партияның бастауыш ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және партияның бұқаралық спортты дамыту жөніндегі сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірде партияның бастауыш ұйымдары арасында шағын футболдан,теннистен, партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жоба аясында ардагерлер арасында шахматтан аудандық турниріне қош келдіңіздер -деді Ә.Үсенұлы.
Жарыстың ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, партияның ардагері Раева Күлжауһар Төлегенқызы және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұзақбаев Ерболат, аудандық мәслихат депутаттары Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы мен Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Д.Ержанов, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің өкілдері қатысты.

Жарыс қорытындысымен шағын футболдан жүлделі ІІІ-орынды - Жасталап БПҰ командасы, ІІ -орынды - Жаңажол БПҰ командасы, І-орынды - "Томанов" БПҰ командасы иеленді.
Теннистен жүлделі ІІІ-орынды - Интернационал БПҰ, ІІ-орынды-Қараөзек БПҰ, І-орынды- Аудандық емхана БПҰ иеленді.
Ардагерлер арасында шахматтан жүлделі ІІІ-орынды - Оңалбай Бодыбаев, ІІ-орынды-Ертаев Әділ, І-орынды-90 жастағы ардагеріміз Лақбаев Әбдібек иеленді. Сонымен қатар шахматқа қатысушы барлық ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
Барлық марапат иелеріне партияның алғыс хаттарымен мен қаржылай сыйлықтары табысталды.
13 шілде 2023 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031