» » Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды

qarmaqshy-tany.kz Жуырда К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті.

Оған партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Дастан Буханов жүргізді. Күн тәртібіне 2 мәселе қойылды. Бірінші мәселеде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша сөз алған партия ардагері Гүлжауһар Төлегенқызы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовтың кандидатурасын ұсынды. Делагаттар тарапынан ұсыныс ашық дауыс беру арқылы қолдау тауып, партия филиалының төрағасы болып Әділ Үсенұлы сайланды.
Конференцияда жаңадан сайланған филиал төрағасы Әділ Қошалақов өзіне жүктелген сенімге ризашылығын білдіріп, партияластарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, жиын барысында партияның ардагері Әбдірахман Құлдүйсенов филиал төрағасының алдағы жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.
Айта кетейік, конференция жұмысында қаралған екінші мәселе бойынша партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесімен жаңартылды. Мұнан соң жиын Саяси кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасып, Саяси кеңестің Бюро құрамына да өзгерістер енгізілді.
Жиын қорытындысында сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партия жұмысын күшейту мәселелеріне тоқталып, «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы жаңа бастамаларына ақ жол тіледі.
«Қт» ақпарат
15 қаңтар 2023 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031