Президент Жолдауы талқыланды
Жосалы кенті К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының актив отырысы өтті. Жиынды партия филиалының Атқарушы хатшысы Дастан Әбдібекұлы Буханов төрағалық етті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Дастан Әбдібекұлы жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру екендігіне тоқталып, осы секілді басқа да маңызды міндеттерді атап өтті.
Жиында алғашқы болып, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы Қошалақов сөз алып, Жолдаудың негізгі мән-маңызына, басым бағыттарына тоқталып, ерекше тұстарын саралады.
Сондай-ақ, отырыста Жолдауда айтылған әлеуметтік реформаларға,ұлт саулығы мәселелеріне байланысты аудандық мәслихат депутаты, аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы Нысанбаев баяндады.
Сонымен қатар жиында партия ардагері,аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйледі.
Мұнан соң жиында аудан жастарының жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысатындығын «Жастар рухы» жастар қанаты аудандық филиалының төрағасы Ақнұр Өтешова атап өтті.
Партия активін қорытындылаған Дастан Әбдібекұлы жолдауда көзделген міндеттерге жету үшін бірлесе еңбек етудің маңызды екенін айрықша атады. Сондай-ақ, жолдауды насихаттау жұмыстары бойынша барлық бастауыш партия ұйымдарына тапсырмалар жүктеді.
Партияның аудандық активіне облыстық мәслихат депутаты О.Төлепов, аудандық Саяси кеңес мүшелері,аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес пен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері, БАҚ өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.