» » Партия филиалының актив отырысы

Партия филиалының актив отырысы


МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЪЕЗІНДЕ МАҢЫЗДЫ БІРҚАТАР МІНДЕТ ЖҮКТЕГЕНІ БЕЛГІЛІ. ОСЫҒАН ОРАЙ ЖАҚЫНДА ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Оған партия ардагерлері, аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымы­ның төрағалары және жастар қатысты.
Алғашқы болып баяндама жа­саған аудан әкімінің міндетін ат­қарушы Жұлдызхан Ерқосаев партияны модернизациялаудың басым бағыттарына сай атқарылатын жұ­­мыстар легі мен ауданда Жол картасының іске асырылуы жөнінде айтып өтті.
Одан соң партияның атқарылған жұмыстары, негізгі бағыттары туралы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Дастан Бухановтың хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар, партияның бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен жаңғыру жұмыстарын қолдайтынын білдіріп партия ардагері Әбдірахман Құлдүйсенов, партия фи­лиалының Партиялық бақылау ко­миссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айдынбек Скен­діровтер сөз сөйледі.
Жаңғыру жұмыстарында ерекше назар аударылатын мәселе бұл – жас­тармен жұмыс. Олар партияның сабақтастығы мен оның алдағы көшбасшылығын қамтамасыз етудің кепілі. Осы ретте, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жасталап» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сырым Әділбеков партиялық жаңғырудағы жастар мен жас депутаттар корпусының алдында тұрған міндеттер туралы нақты айтып берді.
Жиын қорытындысында партияны жаңғыртудағы жеті басымдыққа сәйкес, тапсырмалар жүктелді.
"ҚТ" ақпарат
10 наурыз 2022 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 774

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031