» » Аудандық партия филиалының актив отырысы өтті

Аудандық партия филиалының актив отырысы өтті

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде маңызды бірқатар міндеттерді жүктеді. Осыған орай бүгін жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа партияның қызметін жаңғырту бойынша аудандық партия филиалының актив отырысы өтті.
Актив отырысына партия ардагерлері, аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары және жастар өкілдері қатысты.
Алғашқы баяндама жасаған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы партияны модернизациялаудың басым бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстары және аудан бойынша Жол картасының іске асырылуы жөнінде тоқталып өтті.
Одан кейін партияның атқарылған жұмыстары, партияның жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Буханов Дастан Әбдібекұлы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, партияның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері және жаңғыру жұмыстарын қолдауы туралы партия ардагері Ә.Құлдүйсенов, партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты А.Скендіров сөз сөйледі.
Жаңғыру жұмыстары барысында ерекше назар аударылатын мәселе бұл жастармен жұмыс. Жастар партиямыздың сабақтастығы мен оның алдағы көшбасшылығын қамтамасыз етудің кепілі. Осы ретте, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, «Жасталап» БПҰ төрағасы Әділбеков Сырым Смаилұлы партиялық жаңғырудағы жастар мен жас депутаттар корпусының алдында тұрған міндеттер туралы сөз алды.
Сондай-ақ, жиын соңында партияны жаңғыртудағы жеті басымдық бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
05 наурыз 2022 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930