Кезектен тыс ХХVIІ конференциясы өтті
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIІ конференциясы өтті, деп жазады партияның фейзбук парақшасында.
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті. Конференцияны «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы және аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, кент пен ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, еңбек және партия ардагерлері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне алты мәселе ұсынылды: «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттері туралы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы баяндама жасады. Сондай - ақ «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы, аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы; «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссияның 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы, Қармақшы аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық Фракциясының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарламалар жасалды.
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы болып Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы сайланды.