» » Актив отырысы өтті

Актив отырысы өтті

ЖОСАЛЫ, 29 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімдігінің мәжіліс залында партиялық актив отырысы өтті. Оған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қалдарбеков, партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депуттары, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, кент, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты. 

Жиналысты «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қалдарбеков ашып, Елбасының қатысуымен 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында партия филиалдары өкілдерімен кездесуі өтіп, кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлерді дамыту бағдарламаларын жетілдірумен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттарын да айқындағанын жеткізді. 
Сөз алған «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов аудандық партия филиалының атқарған жұмысына тоқталса, «Nur Otan» партиясы аудандық маслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі К.Раева депуттатық фракция жұмысына тоқталып өтті. Жиын соңында аудан әкімі М.Қалдарбеков партия жұмысын одан әрі белсендіру мақсатында алдағы атқарылатын жұмыстарды тапсырды.
29 қараша 2019 ж. 984 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031