» » «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлының төрағалығымен аудандық партия филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Аудандық партия филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясына Саяси кеңес, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Конференцияныӊ күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019 – 2020 жылдарында атқарылған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;
2. Аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының құрамын сайлау туралы;
3. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019 – 2020 жылдарында атқарылған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы хабарлама жасады. Сонымен қатар, аудандық партия филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Скендіров Айдынбек Айтбайұлы, «Жосалы» бастауыш партия ұйымының атқарылған жұмыстары туралы БПҰ төрағасы, ауыл әкімі Білжанов Әлімбай Махмұтұлы және «Jas Otan» Жастар Қанатының атқарылған жұмыстары туралы аудандық бөлімшесінің төрағасы Бекматов Нұрасыл Жасұланұлы қосымша хабарлама жасады.

Конференцияның екінші, үшінші күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының құрамы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.


28 сәуір 2021 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031