Аудандық партия филиалының жаңа төрағасы сайланды
qarmaqshy-tany.kz Бүгін К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті.
Іс-шараға арнайы партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросы мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БПҰ және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Буханов Дастан жүргізіп отырды. Күн тәртібіне 2 мәселе қойылды. Бірінші мәселе «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша сөз кезегін алған партия ардагері Раева Күлжауһар Төлегенқызы аудандық мәслихат төрағасы Қошалақоы Әділ Үсенұлы кандидатурасын ұсынды. Делагаттар тарапынан ұсыныс ашық дауыс беру арқылы қолдау тауып, партия филиалының төрағасы болып Қошалақов Әділ Үсенұлы сайланды.
Өз кезегінде сөз алған филиал төрағасы Әділ Үсенұлы өзіне жүктелген сенімге зор ризашылығын білдіріп, партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен бірге жиын барысында партияның ардагері Құлдүйсенов Әбдірахман филиал төрағасының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, конференция жұмысында қаралған екінші мәселе бойынша партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жаңартылды. Мұнан соң жиын Саяси кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасып, Саяси кеңесті Бюро құрамынада өзгерістер енгізілді.
Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партия жұмысын күшейту мәселелеріне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.