» » Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат

Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат

Ақжар ауылында ұлттық өнеріміз бен салт дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ауыл әкімдігі мен ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті.
Тағылымы мол іс-шараға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева,«Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С.Райымбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауыл әкімі және ардагерлер мен ауылдық әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.
Іс-шара көктемнің шуақты мерекелерінің бірі Қауышу күніне орай арнайы рәсіммен басталып, ұлттық тағамымыз «Наурыз көже» ұсынылып, өмір тәжірибесі мол ардагерлермен қазақ халқының салт-дәстүрлерін жастарға насихаттау, саналы ұрпақ тәрбиелеу жөнінде әңгіме өрбіді. Әрі қарай іс-шара «Қыл қалам шебері, «Он саусағынан өнер тамған» тақырыптарындағы сыр сұхбатпен жалғасып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Жүрек жылуы» атты тренингпен қорытындыланды.
Іс-шараға арнайы келген аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Төлегенқызы іс-шара жоғары деңгейде өткізілгендігін жеткізіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

03 наурыз 2022 ж. 1 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031