» » Әйел – әлем тірегі

Әйел – әлем тірегі

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйел – әлем тірегі» атты мерекелік шара өткізілді.

Аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қ. Есдәулетов, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі - Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Бейбітов аяулы аналарымызбен нәзік жанды аруларымызға ақ тілегін ақтарып, мерекелік кешті ашып берді.

Шара барысында Ғ.Шакизада және Д.Сағат есімді өнерлі жастарымыз аналар қауымына деген ыстық ықыласын әсем әнмен жеткізсе, аға буын өкілдеріміз аналарымызға ақ жаулық жауып, алғыстарын білдірді.

Мерекелік кештің соңында аналар кеңесінің төрайымы Г.Раева және аналар кеңесі төрайымының орынбасары Б.Райымбаева жүрекжарды тілегін айтып, алда келе жатқан мерекемен құттықтаса аналарымызды қадірлеп, қастерлеуге арналған рухани кеште біршама аналарымыз марапат төрінен көрінді.

05 наурыз 2021 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 365
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728