» » Кент тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Кент тазалықшыларына құрмет көрсетілді


Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында 1 наурыз – Алғыс айту және 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Алғысым саған-Аналар» атты кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен салтанатты кеш өткізілді.
Салтанатты кешті кент әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы ашып, күннің ыстығы мен суығына төзіп, қолайсыз ауа-райында да көше бойының тазалығына жауапты қызмет атқарып жүрген азаматтарға алғыс айтып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Бұдан кейін Жосалы кенті Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев пен аудандық Әйелдер Кеңесінің төрайымы К.Раевалар жұмысшылардың Жосалы кенті үшін атқарған еңбектеріне алғыстарын айтып, мерекелік құттықтау лебіздерін білдірді.
Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін бірнеше азамат Жосалы кенті әкімінің, Аудандық мәслихаттың және «NUR OTAN» Қармақшы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтар мен гүл табысталды.
Еңбектері еленіп, елдің алғысын алған аға-апаларымыз осындай іс-шара ұйымдастырған кент әкімшілігінің ұжымына, Ардагерлер Кеңесі мен Әйелдер Кеңесіне ізгі ниеттері мен ыстық ықыластарын жеткізді.
Кеш соңы аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, барлық ықылас пен қошемет еңбек адамдары мен аналарымызға арналды.

Жосалы кентінің әкімшілігі

04 наурыз 2021 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930