» » » Жұртшылық жырмен сусындады

Жұртшылық жырмен сусындады

Сыр өңірі – белгілі бір дәстүрдің ғана жеке дамыған жері емес, тоғыз жолдың торабы, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан топырақ. Бейсенбіде аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші-композитор Сауранбек Елеуовтің «Сырдария – жырдария» атты кездесу концерті өтті.
Халқымыз – ежелден өнер сүйген, өнерпаздарын қадірлеген. Сыр елінің осындай талантты ұлдарының бірі де бірегейі, көкірегіне әуезді ән ұя салған тума талант, әлемді әнімен қатар даусымен де таңдай қақтырған Сауранбек Еркінбекұлы туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлкен үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Бұл кеште оның әуезді әнін қармақшылық жырсүйер қауым сүйсіне тыңдады.
Концертке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы көпшілік қауымға керемет көңіл күй сыйлаған өнер майталманына ұлтымыздың рухани-мәдени дамуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан айрықша үлесі үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен сыйсияпатын тапсырды.
Қазақ өнерінің саңлағы С.Еркінбекұлының шығармашылығын сүйетін тыңдарман қауым жанды дауыста ән тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ, кеште өнер қайраткері Сәрсенбек Сәбекұлы мен жергілікті өнерпаздар да өнерін ортаға салды. Осылайша, өнер кешіне қатысқан тыңдарман қауым керемет көңіл күймен тарқасты.
«ҚТ» ақпарат
06 мамыр 2024 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 822
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 546

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930