Құрылтай
» » Қармақшыда «Сырдария – жырдария» концерті өтті

Қармақшыда «Сырдария – жырдария» концерті өтті


Аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші-композитор Елеуов Сауранбек Еркінбекұлының «Сырдария-Жырдария» атты кездесу концерті өтті.

Концертке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ән сүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлаған өнер майталманына ұлтымыздың рухани-мәдени дамуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан айрықша үлесі үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды.

Қазақ өнерінің саңлағы Сауранбек Еркінбекұлының шығармашылығын сүйетін тыңдарман қауым жанды дауыста ән тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ, кеште өнер қайраткері Сәрсенбек Сәбекұлы мен жергілікті өнерпаздарда қатысып, өнер көрсетті. Осылайша, өнер кешіне қатысқан тыңдарман қауым керемет көңіл күймен тарқасты

03 мамыр 2024 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31