» » » Өнер майталманына құрмет көрсетілді

Өнер майталманына құрмет көрсетілді




Бүгін Қармақшы ауданының әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев өнер және мәдениет қайраткері, ұлағатты ұстаз, композитор Құлмырзаев Керекжан Қожанұлымен кездесіп, 65 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы мерейтой иесіне аудан әкімінің құттықтауын табыстап, ізгі лебізін білдірді.
- Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше.
Халқымыздың әншілік рухани қазынасы дәстүрлі мәдениетіміздің негізін қалайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Шығармашылық салада Өзіңіз өнер қайраткері белгілі композитор ретінде өңіріміздің мәдени-рухани саласын көтеруде зор табысқа жеттіңіз.
Сіздің бастамаңызбен өңіріміздегі ақындарымыздың туындыларына жазылған әндеріңіз жарыққа шығып, өнер сүйер қауымға жол тартты. “Ел іші – өнер кеніші” дейді дана халқымыз. Бүгінгі жас ұрпақты халқымыздың баға жетпес мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деген сенімдеміз. Бүгінгі мерейтойда Өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, - деді аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев.
Сонымен қатар кездесуде белгілі жырау, өнер қайраткері Б. Рүстембекұлы арнайы өзінің мерейтой иесіне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
Өз кезегінде өнер майталманы Керекжан Қожанұлы ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, еңбектеріне зор табыстар тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



16 шілде 2021 ж. 1 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930