» » Өнер қайраткерлерімен кездесті

Өнер қайраткерлерімен кездесті

Байқоңыр қаласындағы «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің акт залында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырумен тағылымды іс-шара өткізілді.
«Туған жерге тағзым» атты онкүндік аясында Жаңақорған ауданының тумасы, елімізге белгілі сазгер, әнші, ғалым Жаңақорған ауданының және Түркия мемлекеті Афион қаласының Құрметті азаматы, Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің екі дүркін лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен жас сазгерлер байқауының жүлдегері, Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университетінің доценті, жүзге жуық әндердің авторы әрі орындаушысы Сауранбек Елеуов пен Шиелі ауданының тумасы, Бүкілодақтық, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қызылорда облысының Қарақалпақ Республикасында өткен онкүндігіне қатысушысы, термеші, мамандығы ауыл шаруашылығының маманы болғанымен өнерді жанына серік еткен азамат Сәрсенбек Баймағамбетов атбасын тіреп, шығармашылық кеш тарту етті.
Кешті бірнеше жыл Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжін басқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан қоғам белсендісі, «Денешынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісінің иегері, облыстық белбеу күресі федерациясының президенті Мадияр Ахметов жүргізіп отырды.
Кездесуде Сауранбек Еркінбекұлы баян аспабының сүйемелдеуімен және эстрадалық бағытта «Апатайым, анашым», «Айналайын», «Армысыңдар, адамдар», «Әке даусы», «Ғанидың жұлдызы», «Сырдария», «Жанымау түсінбедің» әндерін нақышына келтіріп орындаса, ал Сәрсенбек Сәбекұлы қазақтың қара домбырасымен «Жел және мен», «Таң қалма», «Тайбурылдың шабысыай», «Білмейді», «Қара мең» әндерін шырқады.
Колледж оқытушылары мен студенттері өнер қайраткерлері орындаған туындыларға тәнті болып, тамсана қол соқты. Колледж ұжымы өнер иелерінің жанды дауыста шырқаған әндеріне сүйсініп, өз ризашылықтарын білдірсе, колледж директоры Әнуар Дәуленбаев өнер қайраткерлеріне рухани демалыс сыйлағаны үшін алғыс айтып, шапан жауып, колледждің 20 жылдық мерейтойына орай шығарылған «Білім әлеміндегі – 20 жыл» атты кітапты тарту етті. Кеш соңы естелік суретке түсумен жалғасын тапты.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
24 сәуір 2024 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031