» » Аудан әкімі жүлдегерлерді қабылдады

Аудан әкімі жүлдегерлерді қабылдады

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жүлдегерлерін арнайы қабылдады.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалінде «Үздік ауылдық мәдениет үйі және клубы» номинациясымен және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлығымен С.Бөртебайұлы атындағы Ақжар ауылдық клуб үйі және «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер кітапхана» номинациясымен Қармақшы аудандық балалар кітапханасы марапатталып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлованың дипломын иеленген болатын.
Республикалық онлайн фестивалінің жеңімпаздарына Қармақшы ауданының әкімі Мұса Оспанұлы алдағы уақыттағы еңбектеріне сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдіріп алғыс хаттар табыстады.
Қабылдауда Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы сөз сөйлеп, аудан әкімдігіне қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.
26 мамыр 2021 ж. 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930