» » Аудан әкімі VI шақырылым депутаттарымен кездесті

Аудан әкімі VI шақырылым депутаттарымен кездесті

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков алтыншы шықырылымдағы өкілеттілігі аяқталған аудандық мәслихат депутаттарын қабылдады.

«Осы кезеңге дейін өткен шараларда ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, осының барлығы, аудандық мәслихат депутаттарының жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың барлық депутаттарына бірлескен табысты жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін», – деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.

Сонымен қатар кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы сөз алып осы кезеңге дейін әріптестерінің жылдар ішіндегі жемісті жұмысын атап өтіп, саралай келе алдағы қызметтегі бастамаларға сәттілік тіледі.

Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы алтыншы шықырылымның аудандық мәслихат депуттарын "Құрмет" грамоталар және "Алғыс" хаттармен марапаттады.

"Қт" ақпарат

16 қаңтар 2021 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930