» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Бұл жолғы қоғамдық кеңестің отырысы аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлының, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті. 

Қоғамдық кеңесте ең алдымен ауданымыздың 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы жылы атқарылатын негізгі міндеттер туралы аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының есебі тыңдалды. 

Қармақшы ауданының дамуындағы барлық салалардың өркендеу көрсеткіштерін слайдпен көрсете отырып, баяндама жасаған аудан әкімі ауданымызда адамдар үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын, әлеуметтік нысандар құрылысының аяқталып, жол жөндеу жұмысы барысында төрт ауылға кіреберіс жолдардың осы жазда аяқталғанын, Жосалы кентінің газбен қамтылуы мен лагер құрылысының жалғасы өз шешімін табатынын айтып өтті. 

Аудан әкімінің есебі бір ауыздан мақұлданып, оң шешімін алды.

Осы отырыста қосымша аудандық мәслихаттың хатшысы Марат Наятұлының, аудандық мәслихат депутаты, кеңестің төрайымы Раева Күлжаухар Төлегенқызының есептік баяндамалары назарға алынып, мақұлданды.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдында ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндамашыларға оң бағасын беріп ризашылығын білдірді. Жүргізілген жұмыстар - бірліктің, ынтымақтың нәтижесі, алдағы уақытта әлі талай ізгі істер жалғасын табатынына сенімді екенін жеткізді.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшесі Бекпанов Бақытбек сөз сөйлеп, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерінің дамуы бағытындағы жол картасына сәйкес жұмыстар қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына енгізілуі керек деп өзінің ұсынысын білдірді.
Жалпы өткен жылы жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың тарапынан ауданымызда әлеуметтік – экономикалық дамуы бағытында айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқарылды.

---
15 қаңтар 2019 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930