Жас отбасылар сайысы "Толағай"
«Толағай» жас отбасылар сайысының ЕРЕЖЕСІ
І. Мақсаты мен міндеті
- Жастар мен жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату;
- 15 мамыр- Халықаралық отбасы күнің облыс деңгейінде атап өту;
- Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
ІІ. Өтетін орны мен мерзімі
Сайыс 2024 жылдың 15 мамыр күні сағат: 10.00
Қызылорда қаласы, Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің спорт алаңы. (сол жағалау)
ІІІ. Сайысқа қатысушылар
Сайыс Қызылорда облысына қарасты барлық қала мен аудандардың жас отбасылары арасында өтеді. Сайысқа 35 жасқа дейінгі жас отбасылар яғни әкесі, анасы, 6-9 жасар ұлы немесе қызы қатыса алады.
V. Марапаттау
Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықатырымен және І, ІІ, ІІІ орынды иеленген командалар командалық дипломдарымен және ұйымдастырушылардың тағайындаған арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталатын болады.
№1 САЙЫС
Ұзындыққа секіру сайысы: Бұл сайыста әкесі бірінші болып сөре сызығынан бастап ұзындыққа секіреді, ал анасы әкесінің секіріп өкшесі тоқтаған жерден бастап секіреді, ұлы немесе қызы анасының өкшесі тоқтаған орыннан ары қарай секіретін болады, осылайша үшеуінің қанша (см, метр) ұзындыққа секіргені бойынша есептелетін болады.
№2 САЙЫС
Нығыздалған допты алып жүру. Белгілі бір қашықтықтар бойынша спорттық фишкалар қойылады. Сайысты ұлы немесе қызы сөре сызығынан нығыздалған допты қолмен жылдам итеріп бірінші тұрған фишкадан айналып кері қайтып допты анасына табыстайды, екінші болып анасы дәл солай нығыздалған доппен жүріп екінші тұрған фишкадан айналып сөреге қайтады да әкесіне допты табыстайды, әкесі де допты қолмен итеріп үшінші фишкадан айналып сөреге келуі тиіс.
№3 САЙЫС
«Алтын қасық» сайысы. Бұл сайысқа әкесі және анасы қатысады, қасыққа салынған теннис добын түсірмей төрдегі фишкадан айналып сөреге келуі керек.
№4 САЙЫС
«Пингвин» сайысы. Сайысқа қатысушылар футбол добын аяғына қысып төрдегі фишкадан айналып өткен соң допты қолына алып, сөрге жүгіріп келуі қажет.
№5 САЙЫС
«Қаппен секіру» сайысы. Бұл сайыста әкесі бастап сөреден қапты екі аяғына кие отыра секіріп төрдегі фишкадан айналып, сөреге келіп анасының алақандарын ұрып эстафетаны береді одан әрі анасы дәл солай жүгіріп қайталайды да сөреге келіп ұлы немесе қызының алқандарын ұрып эстафетаны береді ары қарай балалары дәл солай жалғастырып сөреге келуі тиіс.
Ұйымдастырушы:
«Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі
Тел.: 8 775 585 92 22