» » Басшылықты Қармақшыда бастаған...

Басшылықты Қармақшыда бастаған...

qarmaqshy-tany.kz Сейдулла Оспанов есімі біраз жерлерге мәлім. Қызмет бабында одақтас республикалардың біразына іс-сапармен барады. Олардың басшыларымен аралас-құралас болды.
Ол 1918 жылдың 10 қазанында (бұрынғы Тереңөзек ауданындағы «Майлықұм» ауылында) қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылында өмірге келеді. Мектептен кейін Қызылорда қаласындағы теміржол техникумын бітіреді. Іле-шала фин соғысына қатысып, ауыр жарақат алып, 1941 жылы елге оралған. Осы жылы Қызылорда облыстық партия комитетінде бөлім басқарады. Облыс басшылығы жас кадрға асқан сеніммен қараған. Арасында біліктілігін арттыратын алты айлық курста оқиды. Жарты жылдай Қазақстан Орталық партия комитетінде жауапты қызметкер болады. Сол жылдары Мәскеудегі комсомол басшыларын даярлайтын бір жарым жылдық курста оқиды. Соғыстан кейінгі жылдарда шаруашылығы мен экономикасы төмендеп қалған Қармақшы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлайды. 1947-1953 жылдар аралығында ауданның экономикасын арттыруға, мәдениетін көтеруге нық қадамдар жасайды. Кадрларға асқан жауапкершілікпен қарапты. 1952 жыл болса керек, Сырдарияның суы тасып «Қармақшы» бейіті мен елді мекендерге қауіп төндірген шақта, өзі бас болып жағалауға бөгет салғызып, бірен-саран үй болмаса Қармақшыны су алмапты деп айтады көз көрген қариялар. Осы жылы Қорқыт ата бейітінің қалған бөлігін де су шайып кетеді. Сонда С.Оспанов «Абыз бабамыздан қалған көз еді, бұдан да айырылдық» деп өкініпті деседі.
1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат, 1957 жылы Ленин орденімен наградталған Сейдекеңді 1953 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайлайды. Мұнда да аянбай еңбек еткен. Жоғары басшылық оны 1957 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1959 жылы бірінші хатшысы етіп сайлайды. Бұл қызметінен Юсуповтың «ықпалымен» босайды. Айтпақшы ол 1959-1963 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы да болған. Сол Юсуповтың «қамқорлығы» аясында 1963-1968 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Жданов кеңшарына директор болып тағайындалады. Таныс, білісі көп адам және облыс басқарған Сәкең ауылды 2-3 жылда алдыңғы қатарға шығарды. «Ол кісі Оңтүстікте ерлікке толы еңбектер жасапты. Кезінде «Социалистік Қазақстан» газетінен оқығанбыз. Жанқиярлық еңбегі бағаланып, 1968 жылы Бөген атқару комитетінің төрағасы болып сайланады, кейіннен облыстық кәсіподақты басқарып зейнетке шығады. Сейдулла Оспановтың еңбегі бағаланып, үш рет Ленин, «Құрмет белгісі» ордені және бірнеше медальмен марапатталған.
С.Оспанов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы кезінде «3, 4, 5 шақырылған сайлаудың депутаты, Қазақстан Орталық партия комитетінің съездері мен конференцияларының делегаты болып сайланған.
Сәкең жақсы қартайды, жан-жары Пәтима, ұл-қыздары Тұраш, Нұраштары өмірден ертелеу кеткенге ұқсайды. Қыздары Ботакөз, Рәш, Баяндарды ұзатқанда жасау деп кітаптарын беріпті. Кітап дегеніміз – алтын қазына емес пе?
Жоғары дәрежелі қызметінен «Правда» газетінде 1962 жылы жарияланған «Битая карта (Соғылған карта) мақаласының әсері болса керек. 1998 жылы Сейілбек Шаухамановтың бастамасымен жарық көрген «Сыр өңірі» кітабында Сейдағаң туралы былайша жазыпты. «...1961 жылы наурыз айында еңбекшілер депутаты облыстық Кеңестің атқару комитетінің төрағасы сайланды. Облыста, ауданда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуде, күріш егістігінің көлемін көбейтуде, халықтың тұрмысын жақсартуда көп еңбек етті». Біздің де бұған алып-қосарымыз жоқ.
Қоғам және мемлекет қайраткері Сейдулла Оспанов тоқсан тоғыз жасында, 2017 жылы Шымкент қаласында өмірден өтті.
Атпал азаматқа ақын Асқар Тоқмағамбетов, Сейітмұрат Ембергенов, Оразбек Бесбаев және тағы басқалар жүрекжарды өлеңдерін арнаған.
Тынышбек ДАЙРАБАЙ,
зерттеуші, этнограф
21 қараша 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 298

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 396

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930