» » Ас біреудікі болғанымен...

Ас біреудікі болғанымен...

Бәріміз жиын той мен қонаққа барамыз. Одан бөлек, сыртқа шықсақ тез дайындалатын, яғни фастфуд өнімдерін де сатып алғанды құп көреміз. Алдымызға әкелінген асты қызыға, тіпті кейбірі құныға жеп жатады. Осындайда «ас біреудікі болғанымен, асқазан өзіңдікі» деген тәмсіл ойға оралады. Дана халқымыз қалай дөп айтқан десеңізші. Алдыңа келген астың барлығын оңды-солды ауызға апара бермей, оның ақырын да ойлаған абзал.

Иә, алғаш жер бетінде адам пайда болғанда, оның ең бірінші қажеттілігі – азық болды. Олар қолына түскен аң мен өсімдікті талғажау етті. Кейіннен қоғам түрлі даму сатысынан өтіп, тариx алға жылжыған сайын азықтық қажеттіліктің де түрі артты. Өркениет пен мәдениеттің эволюциясына жол ашқан – ас, бүгінде көптеген дерттің себебі болып отыр. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Айналамыздағы әрбір жанның мазалайтын ішкі органдары бар. Бірі оны біледі, ал екіншісі тіпті білмейді де. Ал оның көпшілігі тамақтан десем сенер ме едіңіз?
Осы ретте, қазір көптің сұранысына ие тез дайындалатын тағамның тарихына үңілсек. Ең бірінші фастфуд тағамы 1920 жылы Америкада қолданысқа ие болған екен. 1921 жылы Американың «Канзас» деген штатында «White Castle» атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамгумбер дайындапты. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды. Бірақ компания басшылығы тағамның сапасы мен құндылығы жөнінде ойламаған. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелген. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам түрі мейрамханаларға жол тартқан. Ал қазір мұндай өнімдердің түрі де, тұтынушысы да көп. Тіпті кейде кезек  күтуіңізге де тура келеді.

Сондай-ақ соңғы уақытта елімізде аллергиямен ауыратын жандар жыл санап көбейіп келеді. Бұрын «аллергия» деген сөзді ғылыми термин ретінде білсек, қазір екінің бірінен «анаған аллергиям бар, мынау маған жақпайды» деген сөздерді жиі естиміз. Мұның басты себебі – дұрыс тамақтанбаудан және газды сусынды көп қолданудан екен. Мамандар иммундық жүйенің әлсіреуінен пайда болатын бұл ауруға экологиялық ахуал мен тағам сапасы да айтарлықтай әсер ететінін алға тартады.

Түптеп келгенде, адам бойында кездесетін аурудың басым көпшілігі күнделікті тамақтан бастау алады. «Ауру – астан, дау – қарындастан» демейді ме? Қарап отырсақ, тұтынатын тағамды сатып аламыз. Сонда біз өзімізге өзіміз ауруды сатып алып жүрген жоқпыз ба? Ал қонаққа барғанда «Алдыңа ас қойдым, екі қолды бос қойдым» деген үй иесінің пейіліне, көңіліне қарап, дастарқандағы дәмнен ауыз тиеміз. Сондайда алдыңа келген асты шамасынан асырмай, орнымен ғана дәм татқан жөн. Біз ауырғаннан кейін ғана дұрыс тамақтануды қолға алып жатамыз. Неге ауырмаудың жолын іздеп, алдын алмасқа. Қорыта айтқанда, қай кезде де талғаммен тамақтанған жөн. Ас өзгенікі болғанымен, асқазан өзіміздікі екенін естен шығармайық. Адамның асқазаны – қоқыс жәшігі емес. Бірінші кезекте ол біздің денсаулығымыз. Ал сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
12 қыркүйек 2023 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 308

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930