» » "Алған ақшаны оңды-солды жаратып, құр қарап жатуға болмайды"

"Алған ақшаны оңды-солды жаратып, құр қарап жатуға болмайды"

Бүгінгі таңда еңбектенемін деген жанға шектеу жоқ. Бірі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау тапса, екіншісі несие рәсімдеп, кәсіп бастап, көкжиегін кеңейтіп, халыққа да өз пайдасын тигізуде. Осындайда ойға оралатыны, көптің ісін ілгерілетуге септігін тигізіп жүргендердің бірі – KMF микроқаржы ұйымы.
Нарыққа келгеніне 24 жыл болған бұл ұйымның жалпы кредит портфелінің 140 миллиард теңгеден астамы кәсіпкерлерге берілген. Ал жалпы клиенттерінің 68 проценті – ауыл адамдары. Сонымен қатар, KMF-тің қаржыландыруымен кәсібін дөңгелеткен іскер отандастарымыз 183 мыңнан аса жұмыс орнын ашса, 90 мыңнан аса адамның кіріс көзі бүгінде мал шаруашылығы мен егіншілікте.
Осындай кәсіп иелерінің қатарында қармақшылық Мейрамкүл Тілеу мұратова бар. Негізгі мамандығы медбике болғанымен, 2010 жылдан бері жеке кәсіпті қолға алған. Ол кәсіпкер болудың берер мүмкіндігі мол екенін алға тартады. Қазіргі таңда «1000 түрлі ұсақ-түйек» атты дүкенді дөңгелетіп отырған Мейрамкүл Шамбайқызы KMF-тің тұрақты клиенті. «2013 жылдан бері KMF-пен бірлесе жұмыс істеп келемін. Бір тиімдісі – қолайлы бағдарламалар мен жеңілдіктер жетіп артылады. Қызметкерлері де сұрағыңа толыққанды жауап беріп, тұтынушыға ыңғайлы бағытты нұсқайды. Көп құжат сұрап, әрі-бері жүргізбейтіні де мен үшін ыңғайлы. Алған ақшаны оңды-солды жаратып, құр қарап жатуға болмайды. Не нәрсе де адал еңбекпен, маңдай термен келеді. Сондықтан да еңбектенуден қашпаған жөн», – дейді кәсіпкер.
Иә, кәсіппен айналысуға шыдамдылық, сабырлық, түрлі қиындықтан таусылмай өтуге төзім де керек. Осының бәрінен өткенде ғана еткен еңбек еселі болмақ.
«KMF-тің арқасында кәсібім өрге домалап, үй салып, көлік те тізгіндеп жатырмыз. Сауда саласында болған соң ақша әрдайым қажет. Егер кепіл ретінде үйіңді немесе басқа бір ғимаратты қойғың келсе, оларды бағалау жұмыстарының барлығын KMF қызметкерлері өздері атқарады. Осы жағынан көп адамға бұл ұйымның жұмыс істеу тәртібі қолайлы. Жұмыс істеуге ниетті кез келген адам KMF-пен бірге биіктерге шыға алады деген сенімдемін», – дейді Мейрамкүл Шамбайқызы.
Айта кетейік, KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым. Отан дық қаржы нарығына 1997 жы лы келген компания елімізде бе рілген микрокредиттердің жалпы кө лемінің 30 пайызына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижелі жұмыстардың өзіндік құпиясы бар, ол – бірінші кезекте ұйымның емес, клиенттің әлеуметтік жағдайын жасауында. Осылайша, KMF елдегі ауылшаруашылығы, өндіріс салаларының дамуына оң серпін беріп, отандық экономиканың алға басуына өз үлесін қосып отыр. Ол үшін бірқатар оңтайлы бағдарлама да ұсынылған. Мысалы, «Достар» деп аталатын бағдарлама арқылы бірнеше адам бірігіп, кепілдіксіз 6 миллион теңгеге дейін ала алады. Бір қызығы, кепілдікке достардың адамгершілігі, бір-бірінің алдындағы жауапкершілік қойылады. Осы сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға арналған, ерекше шарттармен берілетін микрокредиттер жетерлік. Мысалы, «Микро», «МСБ», «Сенім» және тағы да басқа.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерден бөлек, жалақыға жұмыс істейтін жандар мен зейнеткерлерге де микрокредит рәсімделеді. Тағы бір жақсы жаңалық – Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына да микрокредит беру қолға алынды. Онлайн ақша алу, энергияны үнемдейтін тауарларды сатып алуға арналған микрокредит, тұтынушылық мақсаттарға немесе бизнес үшін, жер телімін немесе көлік сатып алуға қолайлы микрокредиттер туралы www.kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

27 қараша 2021 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 548

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 617

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031