» » 15 минутта микрокредит алғандар 400 миллиард теңге қарыз болды

15 минутта микрокредит алғандар 400 миллиард теңге қарыз болды

Бүгінде Қазақстанда республикада мыңнан астам микроқаржы ұйымы жұмыс істейді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Дереккөздің жазуынша, Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының қызметі банктерге теңестірілмек. Интернет арқылы кредит беретін ұйымдарға бақылау күшейеді.
Ақша қажет адамдарға онлайн несие беретін микроқаржы ұйымдары 15 минут ішінде несие береді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау департаменті қаржы ұйымдарының қызметін реттеу бөлімінің басшысы Айдынбек Сандыбаевтың айтуынша, Қазақстанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1 100-ден астам ұйым бар. Ал микрокредит алғандардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі 400 миллиард теңгеге жуық.
«Әдетте, микроқаржы ұйымдарына банктерден кредит алуға мүмкіндігі жоқ адамдар жүгінеді. Олардың қарыз алушыларға қоятын талаптары төмен, қарызды беру реті жеңілірек. Қазақстандықтар тарапынан онлайн қарызға сұраныстың өсуі де содан. Бірақ келесі жылдан микроқаржы ұйымдарына талаптар күшейтіледі. Бүгінде микроқаржы ұйымдары өз қызметін есептік тіркеу аясында жүзеге асырады. Ал 2021 жылдан бастап лицензиямен реттеу тетігі енгізіледі», &ndash деді Айдынбек Сандыбаев.
Айта кетейік, бұған дейін онлайн несие рәсімдеп, қарызы қордаланғандардың проблемасын жазған болатынбыз.

22 қараша 2020 ж. 1 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 212
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30