» » Кәсібін тапқан келіншек

Кәсібін тапқан келіншек

Ауданға қарасты Иіркөл ауылында бүгінде 700-ден астам шаңырақ тұрып жатыр. Ауылдық округінің бас маманы Нұрымжан Ермановтың айтуынша, мұндағы халықтың жұмыс көзіне айналған екі шаруашылық бар. Бірі мал өсірсе, екіншісі егін шаруашылығымен шұғылданады. Одан бөлек, тұрғындарға қажетті кәсіп түрлері де ашылып, дамып келеді. Нақтырақ айтсақ сенбі, жексенбі күні монша іздеп сабылатындарға ауыл тұрғыны Жадыра Сырбаева жағдай жасап, кәсіпті қолға алған. Бұл қызметті ол өзі-ақ атқарады.
Барды ұқсатып, тірлікті бастап кеткен Жадыраның нәпақасы бүгінде жүріп тұр. Ол бір жыл бұрын кәсіпті бастар алдында мемлекеттік бағдарламаға қатысқанын айтты.
– Бастапқыда адам тарту қиынға соқты. Өйткені халық әртүрлі. Кейбірі түскісі келгенімен, енді біріне ұнамай қалуы мүмкін. Ұтып алған 500 мың теңгеге қажетті заттарымды алдым. Тапсырыстан түскен қаражат өзін ақтауда, – дейді кәсіпкер.
Ауланың бір бұрышына салынған монша бүгінде көптің көңілінен шығып үлгерген. Сенбі, жесенбіде азанда тапсырыс қабылдағаннан түнгі он екіге дейін қызмет көрсетеді. Бағасы да қалтаға қонымды.
Бұл кәсіпті бастауға әуелі енесі жол көрсетіпті. Кейін жолдасы құрылысты қайта тұрғызып салып берсе керек. Қыс мезгілінде төрт-бес тоннаға дейін көмір жағатынын айтады. Жас ана кәсібінен бөлек, үй шаруасына да уақыт табады. Апта аяғы келсе монша іздеп, тапсырыс берушінің бірі – Гүлжазира бұл бастамаға оң бағасын беріп те қойған.
– Бұрын ауданға барып немесе жақын ағайындарға өтініш айтып моншаға түсуші едік. Қазір ауыл ішінен ашылып жақсы болды. Үйге жақын, тез бара қоясың. Игі бастамасына сәттілік тілеймін, – дейді ол.
Жадыраның алға қойған мақсаты бұдан да зор. Кейін кәсібін кеңейтіп, үлкен монша салуға ниетті. Тек мемлекеттен қолдау үзілмесе дейді ол.
– Іспен айналысу кез келгеннің қолынан келетін дүние. Бастысы – ниет керек. «Жұмыс жоқ» дей бергенше, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға қатысып, өзін-өзі қамтуға кеңес берер едім, – дейді талапты кәсіпкер.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
25 тамыз 2020 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031