» » "Бауырсақ" бутигі

"Бауырсақ" бутигі

Талаптанса, кәсіп көп. Оны жүзеге асырса, дөңгелейді. Ал төзімділік пен қайтпас шыдамдылық ұштасса, алынбайтын қамал жоқ. Дәл осындай ұстанымды алға тартқан бүгінгі кейіпкерлеріміз – кәсібінің көкжиегін кеңейткен жандар. Ауданның бас көшесі бойында орналасқан «айналы» дүкен «Айжанды» білмейтіндер жоқ шығар, сірә?!
Жақында тақырыбының өзі адам тартатын «Бауырсақ» бутигі ашылды. Дәл осы дүкеннің жанынан. Түрлі нан өнімін жасайтын жерге атбасын бұрып, кәсіп иелерімен сұқбаттастық. Халыққа азық-түлік өнімдерімен қатар, қосымша кәсіп көзін тапқан жандар – Руслан Жалғасбаев пен Айнұр Жалғасбаева еді. Олар алдымен кәсіпкерлік курсынан толықтай өтеді. Сөйтіп 2014 жылы мемлекеттік бағдарламамен қаражат алып, отбасылық кәсібінің кірпішін қалайды. Бастапқы 1-2 жыл кәсіпкерлер үшін оңай өтпейді. Өйткені зат аз болса, тұтынушылары да көп болмады. Солай қалтаға қонымды бағада халыққа зат ұсынған олар ақырындап аяққа тұра бастайды.
– Тәуекел етіп, осы кәсіпті ашуды қолға алдық. Мақсат қойдық. Оны орындадық. Жоқ емес, ақша, сауда жүрген жерде қиындық кезігеді. Бірақ оның барлығын жеңу жолында отбасымызбен аянып қалмадық. Берекелі кәсіп – бірлігіміздің арқасы, – дейді жеке кәсіпкер Айнұр Жалғасбаева.
1 маусым күні «Бауырсақ» бутигі өз қызметін бастады. Бірнеше жыл аяққа тұрып, кәсібін дөңгелеткен жандар өз қаражатымен қосымша осы бутикті ашуды қолға алады. Қазір тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп отырған жердің тұтынушылары қалыптасып келеді. Өзі пісіріп, өзі сауда жасайтын мұндағы Айгүл Сыздықова да отбасылық кәсіптің мүшесі.
– Таңертең ерте ашып, кешке дейін тұрғындарға ыстық өнімімізді ұсынып отырмыз. Мұнда бәліш, самса, донер, хот-дог, гамбургер, пицца секілді нан өнімдері әзірленеді. Келушілер де үйренісіп жатыр. Олардың алғысын алу біз үшін үлкен мәртебе, – дейді бутиктегі Айгүл.
Бүгінде дамушы елдер шағын және орта бизнеске ден қойып, қолдау білдіруде. Ол – кез келген ел экономикасының негізі. Өңірімізде де тәуекел еткендерге көрсетіліп жатқан демеу көп. Оның ішінде жасқанбай, жобасының жемісін көріп отырғандар қаншама. Кәсіп ету – ел-жұрттың жылдан-жылға өрісін кеңейтіп, заман талабына сай өмір сүруіне тынысын ашуда. Оған Жалғасбаевтардың отбасылық кәсібі дәлел.

Айнұр ӘЛИ

19 маусым 2021 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031