» » Қимылдасаң, қыр асасың

Қимылдасаң, қыр асасың

ЖОСАЛЫ, 1 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қазір дамушы елдер шағын бизнеске ден қойып, қолдау білдіруде. Қазақстанда да осы бағытта түрлі бағдарлама мен жобалар жүзеге асуда. Бұл – ел-жұрттың жылдан-жылға өрісін кеңейтіп, заман талабына сай өмір сүруіне тынысын ашуда. Бүгінде ауданда екі қолға бір күрек ұстап, кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендер қатары артқан. Мәселен биылдың өзінде кәсіп ашқандар саны еселенген. Солардың бірі – ерлі-зайыпты Әбдімұрат Смайлов пен Жадыра Алшоразованың отбасылық кәсібі.

   Кәсіпкерлікті дамытуда аянбай тер төге еңбек етіп, өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп жүрген төретамдық кәсіп иелерінің бұл салада жүргеніне жиырма жылға жуықтапты. Алғашында Байқоңыр қаласында басталған кәсібін жылдар өте кеңейтуді ойлағанмен отбасылық жағдайға байланысты Төретам кентіне қоныс аударады. Осында жаңа кәсіптің кірпішін қалап, тәуекел етеді.
   – Қазір елімізде мейрамхана бизнесі күннен-күнге дамып келеді. Алайда оның ішінде сұранысқа ие болу мен сапа мәселесі де өзекті. Себебі тұтынушы талғамы басты орында. Осындай мүдде тоғысынан шыққан нысанның ғана қашан да бәсі жоғары болады. Сол үшін қазіргі заманға сай, тұтынушы талғамынан шығатын мейрамхана салуды мақсат еттік. Несие алып, барлығын нөлден бастауға тәуекелге бел будық. Қызмет той мезгілінде қызады, – дейді отағасы Әбдімұрат Смайлов.
   Төретамдағы «Ерке» мейрамханасы тұрғындардың талғамынан шығуда. Аталған орталық былтыр бой көтерген. Кәсіп иелері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие алып, кәсібін бастайды. Бүгінде жаңадан салынған жайлы орынға келушілер қатары артқан. Себебі мұнда 350 орындық мейрамханадан бөлек, кафетерий мен сауда-саттық дүкені бар. Халыққа қолайлы бағада қызмет етіп отырған кәсіпкерлік нысанда 10 тұрғын еңбек етуде. Ерлі-зайыптылар қайырлы іс – қайырымдылық жасауға да белсене атсалысады.
   – Маңдай терін төгіп еңбек еткен адам міндетті түрде жетістікке жетеді. Біз де осы кәсіпті ашу үшін тер төктік. Отағасымның қолдауымен мақсат жолында жұмыс істеп, арманымның бір бөлігіне қол жеткіздім. Жанұяда 4 бала тәрбиелеп өсірудеміз. Қазір қолғабыс болып жанымыздан табылады. Барлығы оңай жолмен келмеді. Қиындықтар кездесті. Бірақ алға қойған мақсатымыз бізге дем берді. Құладық. Қайта тұрдық. Еңбек етемін деген адамға көмегін беріп жатқан мемлекетке алғысымыз шексіз, – дейді Жадыра.
   Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы мен мейрамхана бизнесі дамыған салалардың бірінші сатысында тұр. Бәсекелесі көп сала болғанымен табысы да айтарлықтай. Тек істің көзін таба білсе, келушілерге дәмді асын ұсына білсе болғаны.

Айнұр ӘЛИ
01 наурыз 2020 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031