» » ІС БАСТАСА - ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

ІС БАСТАСА - ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Ауданда қолға алған кәсібін дөңгелетіп, оны одан әрі дамытып отырған кәсіпкерлер жетерлік. Солардың бірі – Нұргүл Жаналиева. Ал сөзіміздің дәлелі алыстан көз тартып, менмұндалайтын «Дос» сауда үйі. Қазіргі заман талабына сай салынған нысанның сыртқы келбетіне сүйсіне қарайсың. Батыстан күн сәуле шашқан орын Төретам кентінің ажарын нұрландырып-ақ тұр.
 
Екі қабатты ғимаратқа ене бергеніміз сол еді сауда үйінің иесі алдымыздан жадырай қарсы алды. Сауда үйін бір шолып, мұндағы қызмет орындарымен таныстық. Жалпы 34 дүңгіршектен тұратын нысанның екінші қабатында бірыңғай киім-кешек сатылады. Ал біріншісінде азық-түлік, шаштараз, ойыншықтар дүкені саудасын қыздыруда.
– Қазір кәсіп ашамын дегенге мүмкіндік көп. Мемлекеттік бағдарламалар ниеттілерді қолдайды. Мен де берілген мүмкіндікті қалт жібермей, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 10 миллион теңге көлемінде несие алып, кәсібімді бастадым. Арманым орындалып, қазір сауда үйіміз халыққа қызмет көрсетуде. Кәсібімді одан әрі дамытқым келеді, – дейді жеке кәсіпкер.

Мұнда дүңгіршектің бірін жалға алып, әйелдер киімін сататын қатарға көзіміз түсті. Сатушыны да аз-кем әңгімеге тарттық.
– Сауда үйі биыл игілікке берілді. Сол уақыттан бері осындамыз. Бастысы – отырған жеріміз жайлы, әрі жылы. Халық үйренісіп жатыр. Келушілер қатары да артты. Барлығы халықтың арқасы ғой, – деді Күләш Сұлтанқызы.

Бүгінде шағын бизнеске ден қойылып, қолдау көрсетілуде. Ол үшін түрлі бағдарлама мен жобалар да жүзеге асуда. Ал бұл қадам – өрісімізді кеңейтіп, талапқа сай өмір сүруімізге тынысын ашуда. Иә, ауданда кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендер қатары еселенген. Қуантарлығы да – осы.

Айнұр ӘЛИ

14 наурыз 2020 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 880
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30