» » САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Төретам кентінде «Алмаз» сауда орталығы тұрғындарға есігін айқара ашты. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қатысты.
Жеке кәсіпкер Е.Ізбановтың өз қаражаты есебінен салынған нысанның жалпы құны 120 млн теңге. Нысан толық іске қосылғанда 100-ге жуық азамат жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Екі қабатты заманауи сауда орталығы 2 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Мұнда қызмет көрсету орындары мен азық-түлік емес тауарлар сатылады деп жоспарланған.
Биыл – жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы. Сала мамандарының ұсынысымен бұл игі бастама үш жылға созылмақ. Кәсіпкер боламын деген жанның арқасынан қағып, қолтығынан демеген түрлі мемлекеттік бағдарламалар ауданда қарқын алған. Қазіргі таңда аудан көлемінде мұндай бағдарламаларды жүзеге асыруға алға қойған айқын мақсаттар бойынша жүйелі жұмыс жүруде. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалған.
«ҚТ-ақпарат».
04 тамыз 2018 ж. 2 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930