» » Қоғамның дерті – болашаққа тұсау

Қоғамның дерті – болашаққа тұсау

Бірде көшеде келе жатып жас ананың баланы қалай тәрбиелегенін байқадым. «Мынаны алма, рұқсатсыз ұстама» деген сөзіне құлыншақ та құлақ түріп, айтқанын екі етпеді. Осыған қарап «Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген тәмсіл еріксіз ойға оралады. Айтпағым, қазір қоғамда індетпен қатар кенде қалмай отырған тағы бір дерт бар. Ар-намысты жиып қойып, өзгенің мүлкіне қызыға қарайтындар бар арамызда. Әрине, сыбайлас жемқорлық десе түрпідей жиырыламыз. Тіпті жауыр болған тақырып. Бірақ бұл дертті жеңбей болашақты бажайлай алмаймыз. Сол үшін қоғам болып қарекет етсек, алынбайтын асу жоқ. Бастысы – балаға жақсы тәрбие сіңдіріп, болашағымызды жарқын етсек болғаны.
Ғалия Әскербекқызы,
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері
11 қыркүйек 2020 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 096
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 686

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031