«Қиын бала» қайдан шығады?
Баланың кішкентайынан өмірге бейімдеуде, мінез-құлқын, ұстанымын қалыптастыруда ата-ананың, мектептің, ортаның маңызы зор. Дана халқымыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Баланың күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы, адамдар арасында өзін-өзі ұстауы, ибалылығы отбасыдан бастау алатынын ескерсек, кейбір ата-аналардың қит етсе «мұғалімдер қайда қарап отыр» деп кінәлай жөнелуі, «қиын бала» тағдырын өзінен ысырып тастауы, болашақта «әттеген-айға» салмасына кім кепіл?
Сонымен, «қиын бала» дегеніміз кім? Ол сүйіспеншілікті аз көрген немесе қамқорлық пен махаббатты көп көрген бала. Ерке, бұзық, тіл алмайтын, қырсық санаттарындағы балаларды жатқызуға болады. Олардың ойынша, бұзықтық жасау бойындағы ашу-ызыны шығару болып есептеледі. Кей кездері өздері дене себепті ондай жағдайға барғанын түсінбей жатады. «Қиын бала» дегеніміз – тек мінезі шатақ бала ғана емес, ол өз-өзімен үйлесуі қиын бала. Оның жақын көмекшілері- ата-анасы, ұстазы, мектеп психологі. Ең бастысы, бірден баланы кінәламай, барынша түсініп, қолдан келсе көмек беріп, маман кеңесіне дер кезінде жүгінген дұрыс.
Әрине, балаға сапалы білім беріп, қоғамның кірпіші ретінде қалап шығару мұғалімнің міндетіне жатқанымен, алтын қазық туған ұясы екенін ұмытпағанымыз жөн. Жасыратыны жоқ, ата-ана арасынан жасөспірім шаққа келгенде үлкендердің айтқанына бағынбай, сабақ үлгерімі төмендеп, үйден гөрі түзде жүрісі көп, сөзге көнбейтін жастар өсіп келе жатқанын үнемі құлағымыз шалады. Бірақ көбіне «переходной возростта» жүрген болар деп жылы жауып қоя саламыз. Ашылып сөйлеспейміз. «Аш құлақтан,тыныш құлақ», бәлесіне жоламасақ болғаны.
Әль-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген. Демек, ата-ананың ұстанған өмір салтын әрбір бала да өз бойына дарытады деген сөз. Баланың болашағына жай перзентім деп емес, ұлт пен ұлыстың алтын діңгегі деп, болашақ ғалым деп қарағаныңыз жөн. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты биік, ой-өрісі кең азамат етіп шығарудың еш қиындығы жоқ. Баланы тәртіпке саламын деген желеумен оның жеке пікірімен санаспау, басып тастау, ұрысу, сөзіне құлақ аспау, сәл- пәл «қисықтығы» үшін жазалау ешқандай жақсылыққа апармайды. Керісінше, одан кейін бала сізге бір нәрсе айтуға құлқы болмайды. Жағдайдың екі ұшы бар: біріншісі сізге өтініш айтқанмен, орындамайтыныңызды біледі, сондықтан кейбірі мүлдем жуасып, барлық сырын ішіне бүгіп жүретін болады, ал екіншісі жасөспірімнің наразылығын тудырып, сізге деген ерегесі туындайды. Ондай жағдайлардың алдын алу үшін балаңызды үнемі қорғап, қолдап, ақылыңызды айтып, жалғыз емес екенін түсіндіріп отырғаныңыз жөн.
Баланың қабілеті мен дарынын дамытуға неғұрлым ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны ертерек ашуға болады. Оған мектептегі мұғалімдердің де үлесі зор. Балалардың икемін байқаған бойда, оны әрі қарай жаға білуі қажет.
Түйін: Бала тәрбиесіне уақыт бөлмей, «жұмысбастылықты» желеу ету, тек сылтау ғана. Ұл-қызының материалдық қажетін өтеумен «іс біттіге» санайтындар жетерлік арамызда. Ата-ана мен бала арасындағы алтын көпір тәлім-тәрбие екенін әсте ұмытпағанымыз жөн. Ертеңі бұлыңғыр болмас үшін баланы назардан тыс қалдыруға болмайды. «Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» демекші, бала тәрбиесін әлсіретіп алмайық!
Тақырыпқа Тұздық
Сәрсенкүл Мешітбаева, ата-ана:
- «Қиын баланы» қиын ететін өзіміз. Жас сәбидің санасы- жазылмаған ақ парақ деген. Оған жақсыны да, жаманды да жазатын – біз. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демекші, тәрбиені ошақтың басынан бастау қажет. Барлығы әке-шешег тікелей байланысты. Мұғалімге ысырып салудың қажеті жоқ. Баланы көп төмпештеуге де, өз бетімен жіберуге де болмайды. Жасық, ынжық немесе бұзық болып өседі. Қайтаратын жерінде қайтарып, еркелететін кезінде еркелеткен дұрыс.
Ақжамал Жиенбайқызы, №26 мектептің мұғалімі:
- Қазіргі күні «қиын бала» терминін «Тәрбиеге қиындық келтіретін бала» терминімен алмастырдық. Баланың бәрі жақсы. «Жамансың» дей берсең, жақсы бала шықпайды. Үнемі балаларды жігерлендіріп, қолдарынан келетіндеріне сендіріп, алға қарай ұмтылдырып отырамыз. Біз барлық баланың тілін тыңдаймыз. Ертеректе мұғалімдікі дұрыс, қарсы шығуға болмайды дейтін едік, қазір керісінше баланың айтқаны дұрыс болып есептеледі. Бұрынғыдай «3», «4», «5» деген бағалар жоқ, олардың орнын «Өте жақсы», «Жақсы, жетілдір», «Қанағаттанарлық» деген тіркестерді қолданамыз. Біздің басты мақсат – ұстазынан озатын шәкірт тәрбиелеп шығару.
Құралай Алданазарова, Облыстың жастар денсаулық орталығы Қармақшы құрылымдық бөлімшесінің психологі:
- «Қиын бала» ата-аналардың мейірімі жетіспегенінен немесе артық мейірім көрсетуінен туындайды. Мысалы, мектепке барғаннан кейін ол жақтың тәртіп ережесіне бағынуың қажет. Ал, кей бала бағынғысы келмей өздерінің «мінездерін» көрсетіп жатады. Көбіне отбасыдан мейірім көрмеген бала, ондай ыстық қарым-қатынасты сырттан іздейді. Ұрыншақ болады, сабақ үлгерімі де төмен, жаман әдеттерге тез бейімделгіш келеді. Сондықтан, ата-аналарға ескертерім баланы жастан тәрбиелеп, көп көңіл бөлуі қажет. «Мектепте қандай қызықтар болды», «Бүгін не істедің», «Қандай тақырып өттіңдер» деп үнемі баласынан қызығушылықпен сұрап отырғандары дұрыс.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
«Қармақшы таңы»