» » Телефонға тәуелділік

Телефонға тәуелділік

qarmaqshy-tany.kz «Биыл балалар шананың қызығын дұрыс көрмеді-ау, қар да көп жауа қойған жоқ. Жаңа жыл қарсаңында 2-3 күн қана шанамен сырғанап улап-шулап, балалық шаққа саяхат жасап едік. Аз болып қалды ма екен?» деп іштей ойлап жүр едім. Тілегіміз қабыл болғандай 3-4 күн қатарынан қалың қар жауып, балалар да аққала жасап, мәре-сәре боп, көңіл бірленіп қалды. Сондайда шанаға отырған бала көрсем қуанып қаламын.
Таңертеңгі уақыт. Жұмысқа келе жатқан бетім еді. Үйінен шанасына баласын мінгізіп алған ананы көзім шалды. Бір нәрсенің дауысы шығатындай. Байқап қарасам, әлгі шанада отырған балақайдың қолында телефон. Сірә, анасы балабақшаға апара жатса керек. Таң азанымен баланың қолына ұстата салған ананың әрекеті аздап көңілімді бұзды. Оны бермесе басына көтеріп жылайтыны да белгілі ғой. Жылатпайын дегені шығар деп түсінуге де тырыстым. Десе де күніңді қалай бастасаң, солай өтеді деген бар ғой. Кейде тіл алмайтын тентек балаларға балабақшада телефон ұстата салатын тәрбиешілердің барын көріп те, естіп те жүрміз.
Бүгінгінің баласын басқара алмайтын болдық қой деп қынжылдым. Рас, балалар бізді билеп алды. Дегеніне көндіреді, болмаса қиғылық салады, басына көтереді. Мәмілеге келу тіптен қиындау. Оның ырқына жығыла берейін десеңіз тағы болмайды. Не істемек керек?
Қазіргі балаларды смартфонсыз елестету қиын. Тіпті тілі шықпай жатып қолымен түртіп өзіне керегін бірден тауып алады. Әрине, баланың да өз заманының ағымымен жүргені дұрыс та шығар. Бірақ кішкентайынан телефонға телмірген баланың денсаулығына келетін зиянына да мән беру керек-ақ. Өйткені смартфон баланы жұбатудың басты құралына айналып кеткендей. Жұмысқа кедергі келтірмесін деп қолына ұстатып қосып бере саламыз. Жоғарыда біз көрген дүние осының дәлелі. Осыдан кейін телефонға тәуелділік басталады.
«Бүгінгінің баласы бәрін іштен біліп туады» деп тамсанып айтып жатамыз. Әсіресе, смартфонды қолына алса, өздерін суда жүзген балық сияқты сезініп кетеді. Кішкентай саусақтарымен былай да былай телефон бетін түрткілеп керегін әп-сәтте тауып алады. Көп баланың жылау себебінің бірі осы телефон. Қарап, қадағалап отырмасаңыз тілі мен ұсқыны келіспейтін бірдеңелерді көріп, тіпті жаттап алады. Әрі-беріден соң мұны бүлдіршіндер тапжылмай көретінін қайтерсіз?
Әлемдік ғалымдардың пікірінше, смартфонды шамадын тыс пайдалану көз жанарының бұзылуы мен мидың қызметін тежегеннен бөлек, обыр ауруына дейін шалдықтыруы мүмкін екен. Сорақысы сол, оның қауіптілігі есірткі мен түрлі психотроптық заттардан да зиян дейді дәрігерлер. Сол себепті мамандар баланы әсіресе өтпелі кезеңде қатаң бақылауға алу керек екенін айтады.
Психологтардың айтуынша, гаджетке тәуелділікті тудыратын – ата-ана. Өйткені бала көргенін істейді. Телефонға телмірген ата-анасын көріп, бұл әдетті өзіне көшіріп ала салады. Сонымен қатар, сәби кезінен көңілін аулап, тыныштандыру үшін телефон береді. Одан бала мультфильм қарайды не ойын ойнауды әдетке айналдырады. Тым ерте кезден смартфонға үйреніп кеткен баланың сөйлеу қабілеті бұзылады екен. Өйткені ми қызметі сурет салу, құрастыру секілді қабілеттер негізінде дамиды. Қолды тек смартфон бетін сипау үшін ғана қозғалтатын болса, сөйлеу процесі тежеліп, бала адаммен қарым-қатынас жасауға икемсіз болады.
Түйін Тоқсан ауыз сөзді түйіндесек, әркім оны жөнімен пайдаланып, жас ұрпақтың да телефонға тәуелділік «дертіне» ұшырауына жол бермей, зиянды әсерлерін санасына сіңіріп, дер кезінде тосқауыл қойсақ нұр үстіне нұр болар еді. Байқап, бақсақ телефонды дау қыламыз, артынша жау қылып жатамыз. Десе де оны ақылмен қолдануға болады. Ол үшін баламен мейірімді мәміле жасап, тәртіпке үйрету қажет. Бәрі де ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста. Ал сіздің ойыңыз қандай оқырман?
Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 ақпан 2023 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031