» » Балауса шаққа билет бар ма?

Балауса шаққа билет бар ма?

"Құйрығынан ұста, ұста дейм" деді әпкем қатқыл дауыспен бұйыра. Қорқып тұрмын. Аяқ-қолым қалш-қалш етеді. «Әні, ана инелік ұшты да кетті» деді көрші бала. Тарс еткізіп құйрығынан ұстап алған ағам өзінше мақтанып қояды. Сол кезде инеліктің құйрығынан ұстап алатындар мықты адамдай көрінетін. Ал жаным тәтті мен тістеп алады деп қорқып, қанатынан ұстайтынмын. Солай бір ыдысқа ұстаған «олжамызды» салдық.
Салпақтап үлкендердің ізінен еріп жүргендегі түрім осы. Қайтейін, қайбір кішкентай қылып ертіп жүр дейсіз. Мені қарасын деп ойынға шығармайтын үйдегілер. Ұрыс естімеу үшін қастарына ертіп жүреді. Содан не керек, әлгі инеліктерді аллюминий сымдарға бірінен соң бірін қадай жөнелдік. Кесектерді кәуап пісіретін құрылғы ұқсатып қойып, сексеуілден тұтатып жібердік. Шоққа әлгілерді қойып, бұрқыратып бұқтырып жатырмыз. Қытырлақ болғанда жеп қоюшы едік. Дәмі қандай екені есімде жоқ. Әйтеуір бір топ бала шеңбер болып жиналып отырмыз. Бір-біреуден алып қытырлатып жатырмыз. Қызық, қазір инелік жемек түгілі ұстап алуға жаның қимайды ғой.
Ол ештеңе емес, құрбақаны да талай қинап жүрген үлкендердің қасында жүрдік. Ауылда арыққа су көп келетін ол кезде. Бақша суарып жүріп, арықтан-арыққа секірген құрбақаларды шетінен қармаққа салады. Түріне қарауға тағы жүрексінесің. Құдды бетіңе сепкіл шығып кететіндей. Солай бос бөтелкенің төменгі бөлігін кесіп дайындайды. Ал дайындап жатқандар өзінше кішкентайларға үйретіп, «осылай жасау керек» деп қазіргіше тренинг өтетін. Ол кезде кішкентай қорапта жарылғыш бомбалар хит еді ғой. Соны жақын маңдағы дүкеннен сатып аламыз. Ақшаны бізге кім берсін, бақшада пісіп тұрған қияр, қызанақтарды, әр жерде жатқан темір-терсекті өткізіп, бір қораз кәмпит пен тиын-тебен пайда көретінбіз. Бізден бай адам жоқтай, дүкенге барып әлгі жарылғышты аламыз.
Сөйтіп құрбақаның үстіне бөтелкені төңкеріп қойып, бомбаны тұтатып ішіне салып жібереміз. Бірер секундта атылады. Аяқ-қолы жан-жаққа шашырап, былқ еткен дауыс шығады. Тағы мәз бәрі. Қазір ойласам, өзімді жауыздай көремін. Үйдегілерден тығылып істеп жүрген тірлік қой бұл. Кеш бата қап-қара боп, аяқ-қол жарылып, күнге күйіп үйге кіреміз. Үлкен жұмыс бітіргендей аяқты көтеріп қойып ұйықтаушы едік.
Түс ауа «бір уақыт көз іліңдер деген» үйдегі кіттәй кемпірдің өзін ұйықтатып, қашып кететінбіз. Тапа-тал түс. Күн шақырайып төбеңнен ойып барады. Үйлерінен қашып шыққан көршінің балалары у-шу болып доппен ойнап, кеш бата бір-ақ келеміз. Иә, ол кезде смартфон деген жоқ. Телефонға телмірген адам болмайтын. Кешқұрым түріктің, үндінің телехикаясын көріп болған жұрт есік алдына шығып, түн батам дегенше отырып, әңгіме-дүкен құратын. Балалар алаңсыз ойын құшағында еді. Қазір ше? Әр балада бір-бір телефон. Тіпті енді ғана еңбектеп жүрген баланың өзі телефон бер деп жылай жөнеледі. Сондайда біздің балалық шақтың қызықты өткеніне қуанамыз. Кейде өткен уақытқа шегініс жасап, қиял әлеміне бататынымыз бар. Сондағы жалғыз сауал, балалық шаққа билет бар ма?
Айнұр ӘЛИ
01 маусым 2022 ж. 5 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031