» » СМАРТФОН «СИНДРОМЫ»

СМАРТФОН «СИНДРОМЫ»

Дамыған заманымызда техниканың барлығын бірдей игеру бір жағынан өзімізге пайдалы болғанымен, қауіпті жағы да бар екені айтпаса да түсінікті. Солардың біреуі – смартфон. Алақандай дүниемен таксидіде шақыра аласыз, қалаған тамағыңызға да тапсырыс беріп, алыстағы досыңызбен де сырласа аласыз. Кез келген адамды да, қажетті ақпаратты да осы қолыңыздағы дүниеден табасыз. Дегенмен, осы смартфон арқылы санамыз уланып, рухани құндылықтар мен шынайы сезімдерден қалыс қалып бара жатқан жоқпыз ба?
Әлемді алаңдатып отырған дерт бізді де айналып өтпей қоймады. Жалған ақпараттар, діни адасулар, орынсыз сөйлеу, қатыгездіктің белең алуына осы –смартфондар себеп болып отыр. Зерттеулерге сүйенсек, күніне смартфон қызметтерін пайдалануға 75 минутын жұмсаған адамда тәуелділік басталды деп есептеледі екен.
Алыстағыны айтпай-ақ, күнделікті өмірденде де байқайтын шығарсыз мүмкін.. Қонақта да, үйде де, қоғамдық көлікте де, ойын-сауық орталығында да бала ата-анасының мазасызданып, тынышын кетірсе, ата-анасы қолына телефонды ұстата салады. Енді ғана ес біліп келе жатқан балақайдың өзі саусағымен экранды жылжытып, өзіне керегін таба қояды. «Маша и медведь», «Человек паук», «Спанч боб» мультфильм кейіпкерлерінің сөздерін жаттап алып, қосылып айтып отыратынын қайтерсіз? Кішкентайынан телефонның тілін біліп, ешкімнің үйретуінсіз меңгеріп алған баласының тірлігіне ата-ана – мәз. Телефонның зардабына мысалдар келтіре кетейік, телефон баланы жұбатудың төте жолы болғанымен, зардабы көп. Өз қатарластарымен доп қуып, асыр салып жүретін шағында, төрт қабырғаға телміртіп қоямыз. Екіншіден, баланың көзі мен денсаулығына да зиян. Ағзасы енді қалыптасып келе жатқан сәбиді өз қолымызбен улаймыз. Сонда өз баламызға өзіміз жау болғанымыз ба? Үшіншіден, смартфонға байланған бала шынайы өмірден алыстап кетеді. Ашылып сөйлесе де, өз ойын еркін жеткізе алмайды, бір сөзбен айтқанда осы дүниені дұрыс қабылдай алмайды екен.
Телефонның қорқынышты бөлшегі – құлаққап. Құлағына киіп алып, музыканы барынша шығарып, айналасында не болып жатқанын естімейді. Әннің әуеніне елтіп жан-жағына қарамайды. Соның салдарынан көлік пен пойыздың астына түсіп жатқандар да жетерлік. Тек, Құдай сақтасын дейік.
Тек балалар ғана емес, ересектер де осы «шырмаудан» шыға алмай жүр. Ажырасулар мен жанжалдың артында да осы смартфонның тұрғаны белгілі. Ерлі-зайыптылардың өзі қыз-жігіт болып әлеуметтік желі арқылы танысып, соңғы түрлі жағдайларға әкеп соқтыруда. Кеше ғана бір ағайымның аузынан бір қағытпа әзіл естігенім бар еді. «Түскі ас уақыты. Отбасы мүшелері түгел дастархан басына жиналыпты. Бірақ, атасынан бастап барлығы бірдей «телефонға кіріп кеткен» көрінеді. Сонда келіні ватсап желісіндегі ортақ чаттарына «шәй ішіп отырыңыздар» деп жазып жіберіпті». Шыныменде, қазіргі қоғамның ащы шындығы. Бір күні ол күнге де жетпесек болар еді...
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».



08 тамыз 2018 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 853

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930