Ақ шана



Әкем бір күн ойлана
Әкелді шағын ақ шана.
Қар түскенде зырғытып
Ойнайтын едік айнала.

Тынық дала, мамық жер,
Болды бізге панадай.
Отырып алып шанаға,
Кәсенді барлық балақай.

Алыс жолды жалғатып,
Тасушы еді біздерді.
Ақ шанамен тіл қатып,
Өткіздік талай күндерді.

Сезбейміз қолдың тоңғанын,
Сезбейміз кештің болғанын.
Қып-қызыл болған беттер де,
Сездірмес ойынға тойғанын.

Өтті уақыт, жыл талай,
Өтті мезгіл тоқтамай.
Балалық қалды сол шақта
Қалды ғой шана айдалмай.

Ауылға барсам тұрады,
Төрінде сарай-сайманның.
Сырлапты әкем тағы да
Ақ бояуға маңдайын.

Мінгім кеп оған қарадым,
Кіп-кішкентай ойыншық.
Үстінде талай өтіпті-ау,
Бал дәурен пәк балалық...

...Мінгім кеп оған қарадым,
Көңілде тұр бала мұң.
Кадрдай өтті әрбір күн
Төрінде қалған сананың.

Айнұр Әли
04 қаңтар 2021 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 106
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031