» » ҚЫСТАҚТАҒЫҒЫ ҮЙДЕ ПЕРІНІҢ ҚЫЗЫНА КЕЗ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ ӘҢГІМЕСІ

ҚЫСТАҚТАҒЫҒЫ ҮЙДЕ ПЕРІНІҢ ҚЫЗЫНА КЕЗ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ ӘҢГІМЕСІ


(Болған оқиға)
– Бұл оқиға осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын болған еді, – деп бастады Қайрат әңгімесін.
– Мектепте оқитын кезім. Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі. Жайлаудамыз. Әкем қой бағатын. Бір күні бесін кезінде ауылға төрт-бес салт атты келе қалды. Ен жайлауда жалғыз үй отырған қойшы ауылына қонақ келу мерекемен бірдей. Әкем марқұм қолма-қол қой сойып, қонақ күту қамына кірісіп кетті. Мені де екі аяқты «Восход» мотоциклімен аудан орталығындағы дүкенге шаптырды. Ауданнан керек-жарағымды алып күн батуға таяқ тастам қалғанда ауылға қайттым.
Даланың тақтайдай қара жолымен ұшып келем. Жайлаумен арада Ақатан деген қыстақ бар еді. Жол табаны қыстақ басындағы үйдің дәл алдынан, он-он бес қадамдай ғана жерден өтетін еді. Үйге жақындай бере терезеге көзім түсті. О, ғажап!.. Батар күннің алқызыл нұрына малынып, әйнек алдында бір сұлу қыз айнаға қарап, шашын тарап отыр.
Еріксіз тоқтадым. Он-ақ қадам жерде тұрып, қателесуім мүмкін емес еді. Бажайлап және қарадым. Үстінде қып-қызыл көйлек, қолына қызыл биялай киген, суреттей сұлу қыз қаннен-қаперсіз иығына төгіле құлаған жібектей шашын тарап отыр.
Алғаш басыма келген ой: «Шөпшілер келген екен ғой», – болды. Жылда ауылдың шөпшілері шабындыққа таяу қыстақта жататын. Бірақ қыстақ маңында техника, бөтен мүлкік көрінбейді. Осының бәріне қас-қағым сәтте көз жүгіртіп өткен мен мотоциклімді үйдің іргесіне сүйей салып, ішке ендім.
Қойшы қыстап шыққан, жаздай иесіз бос тұрған үйдің есігі «ойбайлай» ашылды. Кіреберіс сенектен өтіп, ішкі есігін аштым. Әлгінде қыз отырған бөлме оң жағымда болуы керек еді. Шағын дәлізде аз-кем бөгеліп ентігімді басқан мен есіксіз бөлмеге қарай бұрылдым. Осы сәтте жаңа ғана терезе алдында қып-қызыл оттай болып отырған қыз да, қыстай қойшы қыстап шыққан иесіз үй де бір алапат күштің әсерімен шыр көбелек айналып кетті. Ұршықша үйіріліп, көз алдымда құйындай дөңгеленген қызыл көйлекті қыз бөлменің бұрышына таяй бере көзден ғайып болды.
Құлақ шекемнен біреу аңдаусызда салып жібергендей басым қатты шыңылдап, көз алдым бұлдырап бара жатты. Таңданыс пен үрей, қорқыныш - бәрі қабаттасып, далаға қарай жан ұшыра ұмтылдым. Іргеге сүйей салған мотоцикліме зорға жетіп, сүйрей қашқан мен қыстақтан ауылға қалай жеткенімді білмеймін...
Мең-зей күйі көпке дейін өзіме келе алмай жүрдім. Әкеме осы бір оқиғаны айтып едім: «Көзіңе жын елестеген шығар», – деді де қойды.
Өң мен түстің арасында әрі-сәрі күйде, өз көзіме өзім сенер-сенбесімді білмей біраз уақыт бас шайқаумен жүрдім. Біршама уақыт өтіп кетсе де басымнан өткен осы бір оқиға кешегідей көз алдымда. "Бұл не болды екен" деген ой әлі де мазалайды. Шынымен де, елес бар ма?, – деп аяқтады әңгімесін Қайрат.
Автор: Серғазы Қабылдаұлы
alashainasy.kz/ 

27 шілде 2019 ж. 2 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031