Тағзым



Мұражайда
сақтаулы тұр сан парақ,
Қилы тағдыр
өз алдына әр тарап.
Қасиетті
хабаршысы боздақтың,
Сағынышын
келген хат тұр арқалап.

Қарадым мен
хатқа мойын бұрып бұл,
Оқып шықтым
іштей деммен тынып бір.
Хатта ердің
туған жерді сағынған,
Саусағының
ыстық табы тұнып тұр.

Ата-ана мен
дәнекері араның,
Хатқа тағы
назар сала қарадым.
Кей тұстарда
сия кеткен жайылып,
Көз жасынан
Тамған, бәлкім, ананың.

Сақталыпты
талай ердің ақпары,
Соғыс пен тұс
келген жастық шақтары.
Боздақтардың
бойтұмары іспетті,
Сарғыш тартқан
үш бұрышты хаттары.

Бүктеуінен
кеткелі тұр қиылып,
Ұзақ уақыт
сақталған хат түйініп.
Бұл хаттарды
ауыл түгел оқитын,
Келген үйге
бәрі сол сәт жиылып.

Елестеттім
көзге сол бір шақтарын,
Жұбататын
іспетті сол хат бәрін.
Сол хаттардан
үміт күткен талай үй,
Перзентінің
біле алмаған ақпарын.

Ұрпақ үшін
тағылым бұл хат бары,
Ел есінде
ерлердің бар аттары.
Оғыландардың
Отан үшін от кешкен,
Ерлігімен
атқан елдің ақ таңы.

От-күл, қан мен
болды жауған ала қар,
Боздаққа көп
болды әлем, дала тар.
Окоптағы
жазылған сол хаттардың,
Әрбір сөзі
тарихпенен пара-пар.

Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
05 мамыр 2020 ж. 1 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728