» » Жүз жыл сақталған жәдігер

Жүз жыл сақталған жәдігер

Адалдық пен достықтың күші-ай. Бірде Орынтай әкеміз баласымен бірге Иса атты атбегі досына қонаққа барса керек-ті. Асықпай шай ішкен соң Исекең досының жігіт болып өсіп қалған ұлына тіке қарап тұрып:
– Балам, үйге алғаш келуің. Саған сый жасасам тай аласың ба, әлде қолдан ойылған ер аласың ба?, – деп сұрайды.
Сонда үлкен кісінің сөзіне тосылмай жауап берген жасөспірім:
– Тай өзімде бар. Ер аламын, – деп жауап береді.
Міне қызық! Қыл өтпес достықтың белгісі болған ер арада жүз жылға жуық уақыт өтсе де көненің көзіндей әлі күнге сақтаулы. Төрден орын алған. Қайда дейсіз бе? Сол кезінде ұзақ жыл мал шаруашылығының дамуына сүбелі үлесін қосқан Орынтай Батырбеков пен Зияда Қалдашқызының шаңырағында. Дүниеге жеті бала әкеліп, оларды азамат етіп өсірген ерлі-зайыптының түтінін бүгінде ұлы Нұрлан мен келіні Дана түтетуде.
– Әкеміз сыйлы адам болған. Өмірінің дерлігін анамызбен екеуі қой бағып, шаруаға арнаған жандар еді. Әкеден қалған асыл затымыз қарашаңырақтың қастерлі бұйымы. Әкеміздің көпшіл қасиетінің арқасы болар атсейіс көкеміз ықыласы ауып, інім ере барғанда сыйға тартыпты. Бұл – достықтың, сыйластықтың символы ретіндегі үлкен өнеге. Мұндай үрдіс халқымызда ертеден бар. Ер, жылқы, мылтық сыйлау ер азаматқа тән дүние. Сондай-ақ енді өсіп келе жатқан ер баланы сыннан өткізіп алудың да бір жолы. Сөзден тосылмау, сөзге тоқтау – қазақтың қанына сіңген қасиеті. Бұрын аталарымыз ұлды осылай тәрбиелеген ғой, – дейді отбасында болғанымызда Нұрлан Орынтайұлы.
Отбасына келіп кетушінің қызғушылығын тудырған құнды дүниені біз де көруге асықтық.
Ағаштан ойылып жасалған ердің сырты қоңыр былғарымен ұқыпты қапталған. Жиегі мен ердің басы күміс шегемен әдіптелген. Жалпы жақсы сақталған. Бір айтарлығы, ертеде ер жолда қалып, үстінен жүк көлігі баса жөнеледі. Ерді алуға үлгіре алмаған отағасы "қирады-ау" деп бар дауысымен айғайлайды. Бірақ өкініші босқа екен. Жүк көлігінің артынан өре жүгірген көкеміз ердің ешбір зақымдалмай, сол күйінше тұрғанына таңғалыпты. Міне, керемет деген осы.
– Әкеміз бен анамыз Қуаңдария, Жаңақала ауылында қой бағумен айналысты. Еңбекқор жандар болды. Екеуінен тараған ұрпақтар өмірден өз жолымызды тауып, ел қатарлы өмір сүрудеміз. Қазір қарашаңырақтың иесі Нұрлан ағам. Әкеден мұраға қалған ерде осы отбасында тұр. Ер – қазақ халқының қастерлі бұйымы ғой. Ер жігіттің серігі астындағы аты болса, аттың жақсы шауып, ерге сенімді серік болуы – ерге байланысты. "Нашар ер жылқыны жауыр етеді" деге сөз осыдан қалған болар. Сондай-ақ бала кезімізде талай рет айраны мен сары майын құмарлана жеген анамның күміс күбісі де әулеттің асыл бұйымы, – дейді Бақыткүл Батырбекова.
Құранды ер ай сайын сүртіліп тазаланады. Қарашаңыраққа келген немере, шөбере ата мұрасын тәу етіп, ара-кідік ерге отырып кетеді.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК

25 қыркүйек 2019 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031