» » Орындалған аманат

Орындалған аманат

Адамзат баласының тарихында ойып орын алған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толыпты. Бір кездері Кеңес Одағының құрамында болған қазақ халқы неміс фашистеріне қарсы жан аямай соғысып, ерен ерлікпен жеңіске жеткені белгілі. Үлкендер күлкі мен қуанышты ұмытса, балалық шағының бал дәмін тата алмаған талай бала жасына жетпей есейіп, соғыстың суық желіне қарама-қарсы тұрды.
Сондай балалардың бірі – мен. 1938 жылы 9 мамырда бұрынғы Жамбыл кеңшары (Сырдарияның батыс бөлігінен бір шақырым жерде), қазіргі Иіркөл ауылында дүниеге келгенмін. Мен 2 жаста, ал інім Серіктің өмірге келгеніне 18 күн болғанда, яғни 1941 жылдың 21 қыркүйегінде әкем нағашысы Далдабай Бекшебаевпен бірге соғысқа аттанады. Эшелон келген сәтте 4 кластық қана білімі бар Далдабай нағашысы анама қарап: «Менде ұл бар, сенде қыз бар. Алдағы күн қалай боларын кім біліпті?! Ержеткенде екеуін қосып, екі жарты, бір бүтін қылыңдар» деп Сталинград түбіне аттанып кете барыпты.
Әкем Әуезхан жараланып госпитальға түскенімен, ұрысқа қайта шығып 1944 жылы Ленинград шайқасында мерт болады. Киімі, медалі, хаттары жетіп, сол киімін сауыншы болған анам үстінде тоздырды.
Ал нағашысы Далдабай Бекшебаев із-түссіз хабарсыз кетеді. Ата аманатын орындаған ақылды ана жолдасыммен басымызды қосып, бір шаңырақ астында 9 баланы тәрбиеледік. Қазір 40 немерем, 33 шөберем бар. Жолдасым 1998 жылы өмірден өтті. Серік есімді інім 79 жасында бұл пәнимен қоштасты. Артында 11 бала, 36 немере, 23 шөбере қалды.
Тамырымызды кеңге жайып, бүгінде тәуелсіздіктің таңын қуанышпен атырып, шүкіршілікпен батырып келеміз. Әкемнің жерленген жері туралы деректі 1973 жылы алдық. Менің ендігі арманым – сол жерге барып, әке рухына дұға бағыштау.
Өскелең ұрпақ өткен күннің естелігін есінде сақтап, «соғыс» деген суық сөзді естігенімен, көзімен көрмесе екен деген аналық тілегім бар.
Рыстай ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ,
Далдабай келіні
25 қараша 2020 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031