» » Өнерге салған өрнектер

Өнерге салған өрнектер



ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҚАЗІРГІДЕН ДЕ ҚАРЫШТАП ДАМУЫНА КІМДЕРДІҢ ҮЛЕСІ ҚАЖЕТ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ? ӘРИНЕ, АР-ОЖДАНЫ ТАЗА, ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕН ЕЛІНІҢ ЕЛДІГІН, БОЛАШАҒЫН БІРІНШІ КЕЗЕККЕ ҚОЯТЫН НАҒЫЗ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒАЛАР ҚАЖЕТ ДЕР ЕДІК. СОНДАЙ ОТАНШЫЛ БАСШЫЛАРДЫҢ БІРІ – ӨЗІНІҢ БІЛІКТІЛІГІМЕН, АДАЛ ҚЫЗМЕТІМЕН ЕЛДІ СҮЙСІНДІРГЕН, ЗАМАНЫНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ БОЛҒАН, АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР АТҚАРҒАН ЖҰЛДЫЗАЙ КЕТЕБАЙҚЫЗЫ.
Атқарған қызметіңе баға беретін – халық пен уақыт. Одан асқан сыншы жоқ. Ел-жұрт кімнің кім екенін жақсы таниды. «Халық айтса, қалт айтпайды» дейтіні де содан. Өзі қызмет істеген кезеңде мойнына жүктелген міндетті абыройлы атқарып, ісіне адалдығымен, еліне жасаған жақсылығымен танылып, уақыт сынынан сүрінбей өткендерді жұртшылық айтып жүретіні де анық. Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, еліне адал қызмет етуі арқылы көптің қалаулысы бола білген Жұлдызай Кетебайқызы 1952 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы институтты тәмамдаған соң, №414 мектепке математика пәнінің мұғалімі болып қызмет жолын бастайды. 18 жыл бойы бала жанының бағбаны болып, білім нәрімен сусындатқан ардақты ұстаз 1991 жылы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланады. Сол тұста атқарған қызметі мен ұйымшылдығы, ұжымшылдығы хақында «Әжелер» ансамблінің айтар естелігі, жеткізер алғысы көп. Мәселен, «Ақылы бар данадай, Мінезі бар баладай. «Әжелерге» болдыңыз, Нағыз туған анадай» деп өзара әзілдесіп қояды екен.
– Уақыт – таразы. Қай уақыттың да, қай кезеңнің де өзіне лайық өлшемі, өз бағамы бар. Заманында еңбек етіп, қоғамға өз үлесін қосып, қадір мен қасиетін сақтап қалатын жандар аз емес. Сондай адамдардың бірі де бірегейі, аудан ұстаздарының ұстазы Жұлдызай Молдабаева. Ол аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланған кезеңнен бастап біздерге, яки «Әжелер» ансамбліне қамқорлық жасап, демеу болды, дем берді. Алғаш рет бізді мұғалімдердің облыстық ақындар айтысына арнайы костюм тіктіріп, концерттік нөмірмен Қызылорда қаласына алып барды. Кейін 1995 жылы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Райкүл Байназарованың ұйымдастыруымен өткен алғашқы «Наурыз шапағаты» фестиваліне Жұлдызайдың еңбегінің арқасында тұрақты қатысып, 10 рет лауреат атандық. Дайындықтың жоғары өтуіне көп мән беретін. Ол сол фестиваль арқылы ансамбльді республика көлемінде танымал етті. Астанаға барып, Конгресс-Холда да өнер көрсетіп ек, – дейді «Әжелер» ансамблінің ардагер-ұстаздары өткенге шегініс жасап.
Иә, қайсыбірінің пікірін тың­да­саңыз да айтылар мадақ сол, қайсарлық, табандылық, еңбек­қор­лығының мықты болуында. Тұла бойына парасаттылық қасиетті берік қалыптастырған, адал қызмет еткен ол иығына артылған жүкті қара нарша көтеріп, сындарлы сынақтардан сүрінбей өте білді. Намысына дақ түсірмеді. Азаматтық абыройының туын жоғары ұстады. Қайсар, бірбеткей мінезінен танбады.
Ел мен жердің, халықтың байлығы, атақ даңқы да ел қадірлейтін парасатты азаматтарымен өлшенетіні ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда 18 жыл оқу-ағарту саласында еңбек етіп, қалған жылын аудандық кәсіподақ ұйымына арнап, тер төгіп, осы жерден зейнетке шыққан парасатты жан ауылдас­тарына үлгі-өнеге. Еңбек еленді. Бірнеше мәрте түрлі марапат пен мадаққа ие болды. Оның іскерлігіне, білімдарлығына, мол өмір тәжірибесін ортаға салуға асығатын асыл қасиеттеріне тәнті болатын замандас­тары оны әрқашан мақтан тұтады.
Бүгінде Жұлдызай Кетебайқызы жетпістің желкенін керген ақ жаулықты әже. Өнегеге толы өмір һәм еңбек жолы ардақты ұстаздың адами келбетін әлі де болсын айшықтап келеді. Ол – сүйікті жары Бақытбекпен бірге өңірінен тараған ұрпақтарынан немере сүйіп отырған аяулы әже, ардақты ана.

Айнұр ӘЛИ
26 наурыз 2022 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031