Парасат иесі

Өзінің ұлағатты істерімен, қарапайым да адамгершілік қасиеттерімен көптің құрметіне бөленген жандар жетерлік. Білімі терең, тұлғасы кесек, өмір көшінде өзгеден ерек, ой байламы бөлек көрініп тұратын Тынышкүл Дәлиева жайлы көп нәрсе айтуға болады. Оның жүріп өткен жолы көпке үлгі, өнеге боларлық.
Тынышкүл Дәлиева 1947 жылы бұрынғы Ленин кеңшары, қазіргі Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын 1969-1970 жылдары №185 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, бастауыш партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
1976-1979 жылдары «Жосалы» кеңшарын қамтитын Қызыл жұлдыз ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрайымы, 1979-1982 жылдары Ақжар кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1983-1987 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. Қай істе де қабілеті, басшылық біліктілігі, іскерлігімен елдің сеніміне ие болды, жемісті еңбек етті.
1987 жылдан бастап №12 кәсіптік-техникалық мектепте директор  қызметін атқарды. 1972 жылдан партия мүшесі, 1977 жылдан ауылдық, аудандық  кеңес депутаты, 1980 жылдан бастап аудандық партия комитетінің мүшесі болды.
Жоғары ұйымдастырушылық қабі­летімен қоса, атқарған қызметтерінде кәсібилігімен үлкен тәжірибесімен ерек­шеленді. 1982 жылы «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. 2001 жылы облыстық білім департаменті «Қазақстан Рес­пу­бликасының Тәуелсіз­дігінің 10 жыл­дығына» арналған мақтау қа­ғазы мен «Шабыттың шыққан шыңына» номинациясы бойынша Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бірнеше рет қатарынан аудандық мәслихаттың депутаты, 2007 жылы «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Өзіне көрсетілген зор сенім мен үлкен абыроймен қатар  істің көзін таба білетіндігінің арқасында ел құрметіне бөленді.
«Қармақшы ауданының құрметті  азаматы» атағының берілуі көп жылғы еліне сіңірген жемісті еңбегінің лайықты бағасы деп білемін.
Күні бүгінге дейін өзінің пара­саттылығымен, білімділігімен қоғамға еңбегі сіңіп келді. Оның еліне  арнаған жұмысы, айналасындағыларға жасаған жақсылығы ер азаматқа бергісіз дер едік. Сонысымен де ол әрқашан абыройға бөленіп, мерейі асқақ, көппен туыс, талаймен дос,  өз ортасымен, жақындарымен сыйлас та сырлас болды. Өз ісіне мығым, мамандығына адалдық танытып, соның хас шебері атанған ұлағатты жан, бар күш-жігерін қызметімен бірге отбасының бақытына да арнап, жан жылуын айналасындағыларға аямай төге алды.
Мерей биігіне, құрмет қадіріне өз еңбегімен, іс-әрекетімен жетіп, ұр­пақтарына да өзінің білімділігін дарытты. Тіпті ұрпағына ғана емес, елдің де балаларына үлгілі тәлім-тәрбиесімен құрметті жан болды. Бойындағы кез келген адамға, ағайын-туысқа деген бауырмалдығы, қарым-қатынасы адал еді. Оның бауырмалдығы тек туыстық негізде ғана көрінді десек қателескен болар едік. Адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын мінез-құлқының өзі жағымды екенін аңғаруға болады. Жақсыда жаттық болған емес. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады емес пе?!
Алыс-жақындығына, үлкен-кі­ші­лі­­­гі­не қарамастан, кез келген жағ­дайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де, оның бау­­ырмалдығын аңғартып тұрады. Мұхаммед пайғамбарымыздың хади­сінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» десе, оны келесі хадисте: «Ақкөңіл адамның тамағы ем болады, ашкөз адамның тамағы дерт болады» деп толықтырған екен. Ол осы адалдық жолынан таймады.
Өзі өмірден өтсе де артында өшпестей із қалдырған осындай тұлғалардың жүріп өткен жолын қалай тағылым демейсіз.
 
Шынар МАХМУТОВА,
Қармақшы ауданының
құрметті азаматы
19 ақпан 2022 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031