» » Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра

Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра


Осындай тақырыппен өткен аптада Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында 9 «а» сынып оқушыларымен іс-шара ұйымдастырылды.
Жас ұрпақ бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, қазақ халқының салттары туралы білімдерін толықтырып, кеңейту мақсатындағы жобаға жетекшілік етуші қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рау­шан Өтепова мен Жанар Ибраева. Әр іс-шарада қазақтың бір игі дәстүрін дәріптеуге бағытталатын жобаның шымылдығын «Бастаңғы» бастады.
Аталмыш кешке мектеп басшысы Гүлжаһан Мұнарбаева арнайы қатысып, ұйымдастырушылар мен оқушыларға сәттілік тіледі. Бұл жобаның мақсат– міндетін айта келе, оның құндылығына тоқталды. Одан әрі іс-шара көрініске ұласты.
Анасы тойға кеткелі жатқанда үйдегі бойжеткен қыз бастаңғы жасауға рұқсат сұрап, құрбы-құрдастарын шақырды. Жеңгесімен бірге дастарқан жайып, ас-ауқат әзірледі. Оқушылар екі топқа бөлініп, кеште қайым айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ шешіп жарысты.
«Қызға қырық үйден тыйым» деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу, қонақ күте білуге баулу. Енді бірі – қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге үйрету. Сондықтан бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, «шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады» деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған. Әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарқанына бастаңғы жасатып, тағам дайындатады. Бұл – жолаушылардың басы ауырмасын, сырқамасын деген жақсы ойдан шыққан дәстүр.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)
08 ақпан 2022 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031