» » «Қазақстан мейірімділік – мекені»

«Қазақстан мейірімділік – мекені»

2019 жылдың ақпан айында «Қазақстан мейірімділік – мекені» дәстүрлі республикалық акция аясында А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы дәстүрлі онкүндіктің ашылу жиыны өткізілді. Жиынға мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бакирова, «Өзін-өзі тану»пәнінің мұғалімдері Ф.Серікбаева, Т.Сәрсенова, А.Шайхиевалар қатысып, онкүндіктің ашылуын хабарлап, өтілетін іс-шара жоспарларымен оқушыларды таныстырды. Мектеп тәлімгері А.Айтбаеваның ұйымдастыруымен 6 «А» сынып жас ұландарының әдеби монтажы тыңдалды. С.А.Назарбаеваның еңбектерін оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында мектеп кітапханашысы А.Бисенбаеваның ұйымдастыруымен кітап көрмесі ұйымдастырылса, оқушылардың бойына рухани құндылықтарымызды сіңіру, мейірімділік пен сүйіспеншілікті ояту мақсатында өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Шайхиеваның ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Сонымен қатар баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, сүйіспеншілік және мейірімділік қасиеттерін сіңіру, адамдық асыл қасиеттерді шыңдау мақсатында мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Шайхиева 7 «А, Б» сынып оқушыларына «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында тренинг өткізді. «Өмірге риза болып алғыс айт! » тақырыбында 5-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді.

09 ақпан 2019 ж. 2 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 379

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031