» » Мейірім жүректен

Мейірім жүректен

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығындағы №30 орта мектеп базасында "Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру жолдары" тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинарға республикалық «Бөбек» орталығы «Адамның үйлесімді дамуы» институтының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы, «Адамның үйлесімді дамуы» институтының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Ізғұттынова Рабиға Отарбайқызы және Қызылорда облыстық орталығының әдіскері Сыздықова Жанна қатысты. Семинар барысында ауданның «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен мектеп ұжымдары үлкен ұйымшылдықпен жұмыстарын көрсетті. №30 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.Бектасова 4 «В» сыныбында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында, биология пәнінің мұғалімі Ә.Жүсіпова 7 «В» сыныбына «Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозандану түрлері» тақырыбында үлгілі сабақтар берді. Сонымен бірге «Мейірімділік аллеясы» тақырыбында қонақтармен бірге оқушылар мектеп ауласына ағаш отырғызу рәсімін өткізді. «Мейірім жүректен» атты концерт ұйымдастырылып, ауданның жеке кәсіпкері Балғабаева Рабиға мектеп оқушыларына демеушілік жасады.
25 сәуір 2018 ж. 2 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 965
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30