» » Ұлт жоғын түгендеген бастама

Ұлт жоғын түгендеген бастама

Жуырда Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде №3 «Ертөстік» бөбек­жайының ұйымдастыруымен «Жаса, жайна – Қазақстаным» атты мерекелік кеш өтті.

Шараны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов ашып, лебізін білдірді.
Бүгінгі ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқымыздың салт-дәстүрін жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, елі үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз – деп батасын беріп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Мың бұрала би билеп, ән айтып, биыл аудан диқандарының қол жеткізген жетістіктері жайлы көрініс қойған бүлдіршіндер көрермен қошеметіне бөленді.

Шара соңында балабақша меңгерушісі Айт­күл Әбжәлиева қорытынды сөз сөйлеп, кеш «Атамекен» әнімен шымылдығын жапты.

Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы»
28 желтоқсан 2018 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30