» » Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты қарттарға құрмет көрсетуде және Партияның іс-шараларына ерекше үлес қосып жүрген партия белсенділерін марапаттау жиыны болып өтті. Шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов ашып, аға буын өкілдері мен жастарды Астананың 20 жылдық, Қармақшы ауданының 90 жылдық мерекелерімен құттықтап, партия белсенділеріне алғыс хаттарын табыс етті. Шараға қатысқан Аудандық зейнетақы төлеу орталығының басшысы, «Қараөзек» БПҰ төрағасы Ә.Мырзақұлов пен Жосалы кенті әкімі аппаратының әлеуметтік секторы К.Елібаева аудан бойынша ҰОС ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарт кісілерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер, қызметтер жайлы біршама ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә,Құлдүйсенов, «Аудандық әйелдер кеңесінің» төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева бүгінгі марапат хат иелеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ыстық лебіздірін білдірді.
28 маусым 2018 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031