» » Еңбектің ебін тапқан

Еңбектің ебін тапқан


«ТЕГІН ІРІМШІК ТЕК ҚАҚПАНДА БОЛАДЫ». АЛ ҚАҚПАНҒА ТҮСКЕННІҢ КҮЙІН АЙТПАСА ДА БЕЛГІЛІ. МЕМЛЕКЕТ МҮМКІНДІК БЕРДІ. ЕНДІГІСІ ТЫРАШТАНУ. ЖАНТАЛАСУ. ЖЕМІС – ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ, МАҢДАЙ ТЕРДІ ТӨККЕНГЕ БЕРІЛЕДІ. НАРЫҚТЫҢ ТАЛАБЫ ОСЫ. БҮГІНДЕ ДАМУШЫ ЕЛДЕР ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ДЕН ҚОЙЫП, ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ. ОЛ – КЕЗ КЕЛГЕН ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ.
Өңірде де тәуекел еткендерге­ көрсетіліп жатқан демеу көп. Оның ішінде жастар да жасқанбай, тың жобаның жемісін көруде.
Еткен кәсібіңді одан əрі дамыту – көкжиектің нағыз кеңейген шағы. Қос қолға бір күрек таппай, сенделгендер жұмыс іздеп шарқ ұрып жүр. Егер олар талаптанса, тəуекел етсе алмайтын қамалы жоқ. Өйткені ебін тапқанға еңбек көп.
Жақында ІІІ Интернационал ауылында құс шаруашылығын дөңгелетіп отырған жас кəсіпкердің барын естідік. Естіп қана қоймай, ауылға барып, талапты жастың өзімен əңгімелестік. Жас та болса кəсібінің көкжиегін кеңейтіп отырған ­Салима Эйбова бар болғаны ынта керек дейді.

– Тəуекел етіп, осы кəсіпті ашуды қолға алдым. Жоқ емес, сауда жүрген жерде əрине қиындық кезігеді. Бірақ оның барлығын жеңу жолында жігерімді қайрадым. Солай биыл арнайы кəсіпкерлік курсынан өтіп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша грант жеңіп, кəсібімді бастап кеттім. Қазір 136 тауығым бар, – дейді ол.
Құс шаруашылығы – ауыл шаруа­шылығының ең жаңа, ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
– Тауық болғанымен оның өзіндік баптауы, қарауы болады. Барлығы уақытылы, тиісті мөлшермен болуы шарт. Мәселен жем-шөптің жеткіліксіз мөлшері өсу қарқынының төмендеуіне, тауықтардың əртүрлі ауруларға бейімділігіне, жұмыртқа өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне əкеліп соғады. Тым көп тамақтану, əдетте, құстың артық салмағының жиналуына сеп болса, жұмыртқаның да өнімділігін азайтады, – дейді жас кəсіпкер.
Осыдан-ақ, құс шаруашылығының нəзік екенін бағамдай беріңіз. Айтпақшы, жас кəсіпкер қолдың жұмыртқасын ауыл­дан бөлек аудан орталығына дейін әкеліп сатады. Алдағы уақытта талапты жас кəсібінің көкжиегін кеңейтіп, осы құс шаруашылығын одан әрі дамытқысы келеді.
Қазір Қазақстанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. Жұмыс керек пе? Мемлекет мүмкіндік берді, қайта даярлаудан өтіп, қоғамға қажетті маман бол. Болмаса, мемлекет берген несиеден алып, кəсіп баста. Проценті аз, ешқандай қыспағы жоқ бағдарламалар арқылы өз күніңді көруге тырыс. Одан басқа қандай мүмкіндік керек?

Айнұр ӘЛИ
25 желтоқсан 2021 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031