» » Ауылдағы құс кәсібі

Ауылдағы құс кәсібі

БҮГІНГІНІҢ ЗАМАН ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? ИƏ, ОЛ – КƏСІП ЕТІП, ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ. АЛ ОНЫ ОДАН ƏРІ ДАМЫТУ – КӨКЖИЕКТІҢ НАҒЫЗ КЕҢЕЙГЕН ШАҒЫ. ҚОС ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ТАППАЙ, СЕНДЕЛГЕНДЕР ЖҰМЫС ІЗДЕП ШАРҚ ҰРЫП ЖҮР. ЕГЕР ОЛАР ТАЛАПТАНСА, ТƏУЕКЕЛ ЕТСЕ АЛМАЙТЫН ҚАМАЛЫ ЖОҚ.

Жақында Төребай би ауылында құс шаруашылығын дөңгелетіп отырған жас кəсіпкердің барын естідік. Естіп қана қоймай, ауылға барып, талапты жастың өзімен əңгімелестік. Жас та болса кəсібінің көкжиегін кеңейтіп отырған Талғат Жетпісбаев бар болғаны ынта керек дейді. – Тəуекел етіп, осы кəсіпті ашуды қолға алдым. Мақсат қойдым. Оны орындадым. Жоқ емес, сауда жүрген жерде əрине қиындық кезігеді. Бірақ оның барлығын жеңу жолында жігерімді қайрадым. Солай былтыр күзде арнайы кəсіпкерлік курсынан өтіп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша грант жеңіп, кəсібімді бастап кеттім. Қазір құстардың қазақы тауық, индоутка, цесарка секілді түрлері бар, – дейді Талғат Бағдатұлы. Құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең жаңа, ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. – Физикалық қасиеттеріне қолданылатын қоректік қоспалардың калориялық құрамына байланысты жұмыртқа беретін тауықтарды азықтандырудың түрі көп. Мəселен, оларды шамадан тыс тамақтандыру немесе аз тамақтандырудың кері салдары бар. Сонымен қатар жемшөптің жеткіліксіз мөлшері өсу қарқынының төмендеуіне, тауықтардың жəне ересек құстардың əртүрлі ауруларға бейімділігіне, жұмыртқа өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне əкеліп соғады. Тым көп тамақтану, əдетте, құстың артық салмағының жиналуына сеп болса, жұмыртқаның да өнімділігін азайтады, – дейді жас кəсіпкер. Осыдан-ақ, құс шаруашылығының нəзік екенін бағамдай беріңіз. Айтпақшы, қазір жас кəсіпкердің құстары 70-ке жеткен. Инкубаторда, құрықта тұрғаны бар. Ал олардың жұмыртқасы күнделікті ауыл тұрғындарына сатылып тұр. Қолдың жұмыртқасы болған соң баға 45-50 теңге көлемінде. Кəсібінің көкжиегін кеңейткісі келген жас жігіт алдағы уақытта құстың əр түрлі пародасын алып, баптауды көздеп отыр.

Айнұр ƏЛИ
17 тамыз 2021 ж. 736 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930