» » БАЛА және ТҰМАУ, COVID-19, PFIZER

БАЛА және ТҰМАУ, COVID-19, PFIZER



ӨТКЕН ЖЫЛДАН БАСТАП ЕКІ ӨКПЕДЕН ҚЫСҚАН ІНДЕТ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ӘБДЕН ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ. ТҰМШАЛАНДЫҚ, КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫҚ. ЖАҺАНДЫ ЖАЙЛАҒАН БҰЛ ВИРУС ЕСІКТЕН ЕНГЕННЕН-АҚ ЕШКІМДІ «АЯМАДЫ». КӨБІ НАУҚАСТАНДЫ, ТАЛАЙЫ ДЕМ ЖЕТПЕЙ ҚИНАЛДЫ, ӨКІНІШТІСІ СОЛ, ҚАЗА КӨБЕЙДІ. АРАДА ЕКІ ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ӨТСЕ ДЕ КӨПШІЛІКТІҢ БОЙЫНДАҒЫ ҮРЕЙ СЕЙІЛМЕДІ. ІНДЕТ ІРГЕДЕ. АЛ ОДАН ҚОРҒАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ – ВАКЦИНА КЕЛДІ, ОЙЛАП ТАБЫЛДЫ. ҮЛКЕНДЕР ЕКПЕ АЛЫП, ИММУНИТЕТІН БІРШАМА ТҮЗЕП АЛДЫ. ЕНДІГІ КЕЗЕК БАЛАЛАРДА...

ТҰМАУМЕН БАЛА АУЫРСА

Байқасаңыз соңғы уақытта көбінің баласының басы ауырып, ыстығы көтеріліп, жөтел қысып жатқанын жиі естіп жүрміз. Ауруханада, жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп шыққандардан бөлек, үйдегі ем-доммен күнелтіп жүргендер қаншама. Ондайда ата-ананың ойында үлкен үрей болары рас. «Дәрігерге жүгінсек вирус табыла ма деп қорқамыз» дейтін көрінеді олар. Бірақ, бала денсаулығы бәрінен қымбат екенін ескерсек дейміз ғой. Қош. Бүгінгі қозғалар мәселелердің мәнісін білмекке аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқар­масына хабарластық.
Мамандардың айтуынша, өткен аптаның мәліметіне сәйкес аудан бойынша тұмау ауруымен аудандық емханаға және Байқоңыр КБА фильтр кабинетіне қаралған 14 жасқа дейінгі бала саны – 124. Қазіргі таңда аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 14 бала ем алып жатыр. Мамандар «жәй ғана тұмау ғой» деп селқос қарауға болмайды дейді. Өйткені тұмау – тыныс жолдарын зақымдайтын жұқпалы, қауіпті дерттің бірі. 1957 жылы дүниежүзіне тараған «Азиялық гриптен» миллионға жуық адам қаза тапты. Онымен ауырған адамның жағдайы күрт нашарлайды, қауіптілігі де осында. Тұмаудың ауру қоздырғыш вирустары сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Олар күн сәулесінен, ыстықтан, ал хлорамин мен хлорлы әкпен, спиртпен, сілтілермен және қышқылдармен дезинфекциялаған кезде тез қырылып қалады. Ал суыққа өте төзімді. Сондықтан да бұл ауру күз бен қыста, ерте көктемде етек алады.
Бала ауырған кезде денесінің қызуын жиі-жиі өлшейді. Дененің қызуы көтерілгенде дәрігердің рұқсатынсыз температураны басатын амидопирин, анальгин, аспирин сияқты дәрілерді беруге болмайды. Сол үшін үйден баланы емдеп аламын деген ойдан аулақ болып, дәрігерге көрінген абзалырақ.

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ COVID-19

Індет жайында есту әрбір ата-анаға оңайға соқпағаны рас. Алайда мамандар ересектермен салыстырғанда балаларда бұл кесел білінбей, жұмсақ өтеді дейді. Кішкентай пациенттердің өкпе суреттерінде пневмонияға тән тану белгілері жоқ болғандықтан диагнос­тикалау қиын екен. Алаңдаушылық о баста болды. Ата-аналардың да пікірі екіге бөлініп, әлі қозғалып жүр. Ескерерлігі, алаңдаушылық әлі сейілген жоқ.
Өткен аптаның соңындағы мәліметтер бойынша, 1-18 жас аралығында 186 бала коронавирус­пен ауырған. Оның ішінде оқушылар, балабақша тәрбиеленушілер саны 132-ге жетіп жығылыпты. Ал бұл тізімге енбейтін вирус жұқтырған студенттер саны – 21.
Коронавирус – жеңіл түрде де, ауыр түрде де өтетін вирус. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. ЖаҺанды жайлаған бұл індет балаларды айналып өтпеді. Жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері оқушылар коронавируспен тіркеліп жатыр. Сол үшін аурудың алдын алу керек. Әр ата-ана үй жағдайында балалардың денсаулығына мұқият қарауы қажет. «Оларды қорғаудың тиімді тұсы – екпе алу» дейді мамандар.

РFIZER АУДАНДА

Отандық дәрігерлер әлемжеліде «Балалар ауырмайды, ауырса да жеңіл өтеді дедік, бірақ өкпесі 40-50 процент зақымданған 10-14 жасар балаларды көрдік. Анасынан баласына берілмейді дедік, жаңа туған шақалақ анасынан коронавирус болып туғанды көрдік» деген жазбалар қалдырған еді. Ересектерді сұлатып түсірген бұл індет балаларды айналып өтсін бе? Жақында ауданға Рfizer вакцинасы келді. Жалпы ол вакцина кімдерге салынады? Мамандардан сұрап білдік.
– Рfizer – 12-18 жас аралығындағы балаларға, жүктіліктің 16-37 аптасындағы аяғы ауыр әйелдерге, лактация кезеңіндегі яғни емізулі аналарға коронавирус инфекциясы­ның алдын алу мақсатында салынатын вакцина. Қазіргі уақытта басқарма тарапынан аудандық емхананың медицина қызметкерлеріне және аудандық білім беру мекемелеріне, мектеп директорларына семинар сабақтар өткізілуде. Аудандық агротехникалық колледжінде осы вакцина туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлі де жүргізіледі. Жалпы вакцинаның 60 дозасы аудандық емханаға 17 қарашада жеткізілді. Бүгінгі күні вакцина егу жұмыстары басталды. Ата-аналарды індеттің алдын алу мақсатында балаларына вакцина алуға шақырамыз, – дейді басқарма басшысы, ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
19 қарашада Рfizer вакцинасы 6 адамға салынған. Оның 4-еуі бала емізетін әйел болса, 2-уі 16 жастағы жасөспірім.
Мамандар вакцинаның тиімділігін түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі – жақында аудандық емхананың мәжіліс залында аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айдос Жаналиев, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандағы 29 мектеп және кешкі мектеп басшыларының қатысуымен өткен семинар сабақ. Алдағы уақытта да мұндай түсіндірме жүргізу жұмыстары жалғасын таппақ.

Айнұр ӘЛИ
23 қараша 2021 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031